Жанарбек Ақыби-Аймақ орталығындағы мүсінді өзгерту заман талабы


Қандай бір аймақ, қала орталығында сол қалаға ерекше еңбек сіңірген тарихи тұлғалардың немесе сол елді мекеннің ерекшелігін көрсеткен мүсін болуы заңдылық. Сол ерекше мүсіндер сол қаланың симболына айналады.
Біздің аймағымыз ұлтық ерекшелігі бар аймағы бола тұра Ұлтық құндылықтарымызды дәріптейтін мүсіндер жоқ. Тіпті бірде бір орыс азаматы мекен етпеседе кімге жалтақтайтынымыз белгісіз Виладимир Лич Ленинің мүсінін әкімшілік ғимаратының алдына қасқайтып орнатып қойған біз ғана шығармыз.

Ленинің саясаты бүгіндері жоқ болсада Әкімшілік ғимаратының алдында мүсіні қаз қалпында қалып қойған.

Шын мәнінде біз орыс елінің жерінде емес, Моңғолияның жерінде осы елдің заңымен жүреміз ғой … Басқыншы ұлттар көсемі Ленинің заманы өткенін біз әлі түсіне алмағанымызба?
Бұған қарап бізді не бір қатал тағдыр құйтыртқы саясаттан жандарынан айырылып отырып осы елге, осы жерге әкеліп орналастырған бабалардың еңбектерін саралап бір тұлғаның мүсінін қойуға шамамыз жетпедіме деп ойлап қаламыз!
Осындай жырғаулы өмір, бай мекенге әкеліп оранластырған Көбеш бабамыз бен Жылқышы бабамыз қай батырдан кем еді. Неге осы бір қос бабамызды керейше киіндірген саулетті мүсіндерін орталық алаңға орнатпасқа.

Тұлба көл шайқасында нақты айтсақ ақпен-қызылдың шайқасында көмекші әскерді Тұлбаға жеткізіп, шайқасты жеңіспен аяқтаған Дауітбай бастаған қазақтар осы өлкенің неге ұлттық қаһарманы болмайды?

Осы бір тарихи оқиғаны дұрыс сараптап ұрпаққа дұрыс жеткізер тарихшылар қайда?

Тіпті Моңғолияның алғашқы 1924 жылғы құрылтайында 5 рет сөз алып сөйлеп қазақтарды әскер қатарына алынуын өтініп, оның астары Моңғолия үкіметіне қазақтарға сеніуін қалап бүгінгі астанамыздың атын Улаанбатаар атаныуына өз ықпалын тигізген, үкіметке ел 3 сомның байғазысын бергенде ол 3000 сомның байғазсын ұсынған, сол кездің қаражатымен орасан мол қаржы екенін білеміз. Моңғолия қазақтарының ішінен туып шықан алғашқы саясаткер осы Дауітбайды неге бағаламаймыз.
Айта берсең ішімізде ұлтымыз үшін қам жем жарғақ құлағы жастыққа тимеген тұлғалар баршылық. Солардың қай қайсысын болсада таңдап алып болашақ жастарға үлгі қайраттылық пен іскерліктің, Ұлт жандылықпен батырлықтың симболы болар тұлғаларға мүсін қойылса нұр үстіне нұр болар еді. Біз өзгені емес өзімізді бағалайық ағайын.
Қиын заманда Ұлтық құндылықты жыр – өлеңмен ешкімнен қаймықпай мен қазақпын деп өлең жазып жырлаған ақын Кәкейдей, қазақ тілінің қамқоршысы болған әкім Сарайдай ұлт жанды азамтарамыз қазір ортамызда көп насиқаталмай жүр.

Мынау демократиялық заман. Әр кім өз шамасынша өз мүмкіндігінше өз ұлтының құндылықтарымызды асқақтатар, елге көрсете алар заман емеспе?

Жанарбек Ақыби

Advertisements

Janarbek

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s