Таеквондодан Азия және Әлем чемпионы Сейітхан Кенесарымен сұхбат


Моңғолиядағы таеквондо спортының ұлттық құрама мүшесі, қатты зат шағу түрінен Азия және Әлем чемпионы Кенесары ұлы Сейітхан 1971 жылы қарашаның 10 – жұлдызында  Ұланбатыр қаласының Налайхы ауданында туған. Балалық шағы да осы ауданда өткен.

Сейітхан таеквонда ға алғаш қалай келдің?

-1990 жылдары 10 сынып бітіретін жылым, орта мектеп пен қоштасу соңғы қоңырау кештігін өткізер  күнге дайындалып жатқам, досым Жұбайхан ентігіп жетті. Кореядан таеквондо жаттықтырушысыкеліпті 6-ай үйретеді дейді, ел тізімделіп жатыр екен біз қайттік дейді. Әкемнің киім ал деп берген 1мың сомды соған өткеріп тізімделіп алдық. Бұны білген ағам ақша тауып беріп әкеме білдірмей соңғы қоңырауымды ел қатарлы тойлатып өткіздік. Міне осылай алғашқы жаттығуға қабылданған едім.Содан бері күні-бүгінге дейін жаттығудамын.

Сол кезде моңғолда жекпе-жек спортының  қанша түрі бар еді?

-Бокс спорты және әскери самбо күресі  жақсы дамыған еді. Анда-санда киноханадан жапонның карате фильмдерін көретін-біз.

Таеквонда жаттығуына  қабылдандыңыз натижесі ше?

-Өз еркіммен ізденіп барған соң ба барлық қиыншылыққа шыдай таеквонда спортының  ережесіне сай барлық сатылы белбеу  деңгейін орындап 1992 жылы Кореяадан келген арнайы сарапшы ұстаздар алдында  қарабелбеу тағынып халықаралық 1-данн иелендім. Іле-шала 1993 жылы Өзбекстанда болған Азиялық чемпионат сыналту жарысында күміс медаль тағынып оралдым.

Бұдан кейін спортқа деген құштарлығыңыз арта түскен шығар?

Бұл кездері Моңғол елі ұзақ жылғы отарлық саясаттан құтылып еңсесін енді-енді көтеруге талпынып жатқан кез, заман қиын еді. Менің достарым осы бір қиыншылық кезінде де алға үмітпен қарап спорттан кетпедік. Ол кезде сырт елге шығып жарысқа қатысу ол бір орындалмас  арман еді. Біздің талпынысымыз шындықа айланды менің  медалым көп жандардың спортқа  деген қызығушылығын ояатты. Осы қарқын мен 1995 жылы Налайхы ауданында «Арыстан» клубын орнаттық.

Осы кулубтың тырнақ алды табысы қалай басталды?

-Клуб орнаған жылы сол 1995 жылы еліміз тарихында тұңғыш рет Дархан қаласында таеквондадан өткізген алғашқы  чемпионатта  біздің клуб 3-орын иеленді. Осыдан кейін жыл сайын ел чемпионатын өткізіп тұру дәстүрге жалғасын тапты да біздің Арыстан кулбы 1996-1998 жылдары қатарынан 3 рет 3-орын иеленсек,1992,2001 жыладары 2-орын иелендік

Шет елдерге барып қатысқан жарыстарыңыз жайлы айтып берсеңіз.

-1993 жылы Өзбекстанда болған Азиялық чемпионат сыналту жарысында күміс медаль тағынып оралғанымды айттым.

1997 жылы Ресейдің Санкт-Петербург қаласында болған әлем чемпионатына қатысып 5-орынды қанағат тұттым.

2002 жылы Ұланбатырда болған Азия чемпионатында алтынан алқа тағынып. Азия чемпионы атанып әрі  4 даннға жеттім.

2003 жылы Грек елінің Тессалоник қаласында Әлем чемпионатында қатты зат шағу түрінен  2-орын иеленіп Күміс медаль олжаладым.

2008 жылы Алматы қаласында болған зоналық жарыста 4-орынды қанағат тұттым. Осы жылы Өзбектің Ташкентте болған жарыста 6 орынға қарай сырғыдым.

2010 жылы Беларус елінің бас қаласы Минискіде қатты зат шағудан әлем чемпионатында бас жүлдені жеңіп алып Әлем чемпионының алтын медалын тақтым.

2010 жылғы әлем чемпионын жасап бабыңызда тұрғанда неге жекпе-жекке қатыспадыңыз?

-Дайындығымда жақсы еді. Біз ұзақ жол автобуспен жүрдік. Ана-мына ел шекарасына өтіп жүргенде жарыстың  алғашқы күнінен кешігіп қалдық жекпе-жек аяқталып қапты, бірақ алдын-ала тізімделгеніміздің пайдасы тиді де келесі күні қатты зат шағу түрінен қатысуға ғана үлгердік, енді аянып қалмасым белгілі болды. Әлем  мықтыларынан күшімді асырып әлем чемпионы атандым.

Баян-Өлгийдегі таеквонда клуб жаттықтырушылары өз қандас бауырларыңыз сізді мақтан тұтады екен.

Баян-Өлгейдегі  шәкірттерім Нарбек, Ерқұландармен бірігіп 2000 жылы қазақтың бір туар ұлы Мұстафа Өзтүрік атында «Мұстафа» клубын ашып бірге жұмыстап келеміз.

Осы клуб астанамыз Ұланбатырдан шалғай болып ел чемпионатына жылда келе алмасада өз орталарында жақсы жаттығулар жасап, көрші аймақтардан  команда шақырып жарыс ұйымдастырып  жүргізіп сол өңірдегі таеквонда спортын дамытуға үлес қосып жатқанын мақтанышпен айтамын.

Осы «Мұстафа» клуб таеквондашылары 2002 жылы  Ұланбатырға келіп ел чемпионатына қатысып 3 алтын 2 күміс  медаль иеленіп командалық есеппен 5-орын иеленген еді.

Өлгейлік бауырларыңыз өз клубына неге «Мұстафа» атын таңдап алды деп ойлайсыз?

Мұстафа Өзтүрік ағамыз Тайвандағы университетін бітіргенде диплом мен бірге таэквондодан 6-шы даннға жетіп үлгерген. Студент Мұстафаның шыңдалу жолында ел жер аралап қаншама жеңіске жеткенін осы  дәрежесінен байқауға болады. Өзінің тынымсыз қажырлы еңбегінің арқасында Туркия және Германияда өз атында клуб ашып таэквондо спортының жандануына еңбек еткен қазақ ұлы өмірінің соңында Ата-мекенге оралып таэквондодан республикалық федерация құрды, жеке мектебін ашты, шәкірт тәрбиеледі, Таэквондо спортының  негізін қалады, Олимпияда чемпионын тудырып шығарам деген асқақ арманы жолында жүріп өмірден кетті. Бір туар Мұстафадай қайсар ұлдың асқақ арманы өр руқы ұлт жандылығы шәкіртерінің бойына дарысын, әруағы қолдап жұрсін деген асқақ ойдан туындаған игі тілекпен Баян-Өлгейдегі  бауырларымыз Нарбек пен Ерұлан өз кулубтарының атын «Мұстафа» қойған еді.

Қазақ еліндегі қандас таеквондашылармен байланысыңыз бар ма?

Қазақстан таеквонда президенті Дәурен, Қайраттар мен қоян-қолтық араласып жұмыстап жүрмін олар нағыз ұлт жанды азаматар ғой. Семейдегі бастренер Махаббатпенде достығымыз бір үйдің балаларынан кем емес.

Қашанан бері жаттықтырушы істеп жүрсіз?.

-1998 жылы Ұланбатырдағы «Эр зориг» клубына жаттықтыруға шақырған осы клубта жұмыстап келемін. Ұланбатыр қаласындағы Таэквондодан сабақ беретін  он-екі клубымен де бірлесіп жұмыстаймын және Налайхы қалашығындағы «Арыстан» кулубының бар ауыртпалығыда менің мойнымда.

Қазір өзіңіз құрған «Арыстан» клубының болашағы қалай?

-Мықты толық жабдықталған спорттық база ең басқы шарты. Спортшының биік белестерді бағындыруы үшін таэквондо спортына әлі де үкіметтен қамқорлық қажет Командаға тек жаттықтырушы ғане емес дәргері, психолог және тағы басқа жұмысшылар болып спортшының  артқы жағына алаңдамайтындай мәселесі  шешілсе, спортшының алаңсыз жеңіс шыңына шығуына жол ашылады деп ойлаймын.Достарым Жұбайхан, Батырбектермен бұл жайлы жоспарлап жүрміз нәтижесін уақыт көрсетер.

Жан ұяңыз жайлы қысқаша айта кетсеңіз?.

Жұбайым екеміз 4 бала тәрбиелеп жатырмыз.

Ел ішінде «қонақ келсе Сейітханның қазы-қартасын әкел»- деген қалжың бар көрінеді.Бұныда айтып беріңізші?.

-Сырт елде, ел ішіндеде сапарда жүргенімде қайда барсамда «қазақпын» деген соң қазақтың ұлттық тағамы қалай? -деп сұрап жатады. Содан шіркін бұларға қазақтың қандай екенін қазы- қартасын жегізіп көрсетермеді -деп ойлап жүретінмін. Ақыры бұл ойым шынға айланып «Қазы-қарта» деген компанияны құрып, осы қазақтың қазы-қартасын  заманауи стандартпен нарыққа шығардым. Қазір осы компанияда 5-6 адам жалақы алып  жұмыс жасап жатыр.

Ұланбатырдағы ұлкен ресторандарға барғанда мәзірін алып келгенде жоқ болсада алдымен қазақтың қазы-қартасы барма деп сұрап алам ғой. Ақыры бәрі мені танып алғаны сондай «Әне Сейітхан келеді қазы-қарта  сұрайды» – деп күлетін еді. Қазір олар  күлмейді қазы-қарта әкел десем алып келеді.Себебі Ұланбатардаға барлық үлкен ресторандар көбі менің компаниямның қазы-қартасын тапсырып алдырады.. (енді өзі күлді)

Өзіңіз бастап Налайхы қалашығында ұлттық спорттан жарыстар жүргізіп тұрады деп естідім?

-«Қазақ даму қоры» деген қор ашып  мықты ұлт жанды жігітермен бірлесіп қаржыландырып әр мереке сайын жарыс жүргізіп жағдайы төмен от басы жеке адамдарға шамамызша көмек қолымызды созып келеміз. Ұлт-жанды азаматар мен бірлесіп ислам дінімізді нығайтуғада жұмыстар жасап келеміз.Наурыз тойында Ұлттық спорт түрінен жарыстар жасасақ. Қыста «мұз тойы» аталған той істеп жастарды табиғат пен байланыстырып таза ауада әр түрлі жарыстар ұйымдастырып жүрміз,көпшілікте белсене қатысып жыл-жыл сайын қызғушылығы туып келеді.

Ендігі арманыңыз!

Ел намысын қорғар шәкіртерімді  дайындау ісін игі жолға қойсам деймін!

Ісіңізге сәтілік тілеймін! Халқыңыздың  мақтанышы бола беріңіз!

Рахмет!

Әңгімелескен Жанарбек Ақыбиұлы

Advertisements

Janarbek

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s