ТАУ ҰЛЫМЫН.


2009-07-30
Мұзарт шың кей сәттерi бағынып,
Бір сәт пендешіліктен арылып.
Жиi-жиi сапар шегем тауларға ,
Сайда жүрiп шыңдарымды сағынып. 

Тау ұлымын, тауда өсiп түлеген ,
Сергектiктен шабыттанам жыр етем,
Биктiктiң кұпиясын ұғынам ,
Жан дүнием кеңдікпен сүрленген ,

Шың басында еріксіз маңғазданам,
Сол сезімді мен қалай айтам саған.
Сөзбенен жетер емес сипаттауға ,
Сезінеді тек ғана тауға барған.

Ұлылықты тау жүріп түсiнемiн,
Тыныштықтың ақырын жұтып демiн.
Пендешілік тірлікті ысырып сап ,
Жадыратар көңiлдiң iздеп емiн.

Бір қалыпта тұрмайды құбылмалы,
Қас- қағымда өзгерер ауа райы .
Бәрі -бәрін сезініп көре аласың,
Жақын саған аспанның күн мен айы.

Тауда саған ұзағың жақын болар,
Тау баласы шетінен ақын болар.
Алыптардың ұрпағы тым болмаса,
Төбе мен шоқыға жақын болар. .

Биіктермен ләйім мұң, наздасамын,
Қиял оймен талай бел таңды асамын.
Қатпар-қатпар таулармен қоюласып,
Шынайлылық әлемiмен сырласамын.

Ұлылықты тау жүріп түсiнемiн,
Тыныштықтың ақырын жұтып демiн.
Пендешілік тірлікті ысырып сап ,
Жадыратар көңiлдiң iздеп емiн.

Жанарбек Ақыби

Advertisements

Janarbek

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s