Цагаан сар – Моңғол халқының дәстүрлі жаңа жыл мерекесі


Цагаан сар – Моңғол халқының дәстүрлі жаңа жыл мерекесі. Бұл күнді Моңғол ағайындары жыл басы ретінде тойлап өтеді. Моңғол халқы ерте заманнан бері қаһарлы қыстан аман шығып, көктемге қауышқанның белгісі ретінде көне күнтізбесі көктемнің алғашқы күнін белгілеп келген.  Цагаан сар мерекесін әр өлкедегі қазақтар әр-түрлі атап жүр. Мысалы қытайдағы қазақтар Шаған мерекесі десе, Моңғолия қазақтары Саған сар деп атайды.

Цагаан сар – мерекесінің шығу тегі көне көктүріктердің күнтізбесі бойынша түн мен күн теңелгенде тойланатын мереке.

Бүгінгі Моңғол танушы ғалымдарының ғалам торда жазғандарында ертедегі аңыз әңгімеге қарағанда Цагаан сар мерекесі ертедегі Ғүн дәуіріндегі күн мен түн теңелген кезде тойлатып келе жатқан көне мерекенің жалғасы іспетті қарайды.

Цаган сар Билгийн тоолол күн тізбе бойынша тойланатын мереке.

Жыл санаудың Шығыс Азия халықтары ортасына кең тараған Билгийн тоолол “Қасиетті жыл санау” күнтізбесін пайдалана отырып тойлатады.

“Қасиетті жыл санау” күнтізбесінде – аспан денелері қозғалысы негізіндегі 12 жәндік атымен аталған 12 жылдық мүшелден және 12 айдан, 365 күннен құралған дәстүрлі үлгі. Басқа жыл санаудан айырмашылығы әрі ерекшелігі бір ғасыр 100 жыл емес, 60 жылмен есептеледі.

60 жылда 12 жылдың әрқайсысы бес реттен қайталанатыны белгілі. Сол бес жылдың әрбіреуі от, су, топырақ, темір, ағаш жылы деп өзіндік ерекшелігімен аталады. 60 жылды ғасыр деу осыдан қалған секілді.
Міне, осы жыл санау бойынша жыл басы Цагаан сар ақпан айының орта тұсына дөп келеді. Әр жылы әр қалай. Биыл ақпаның 22-24 ті аралығында тойлатты.

Цагаан сарды ертеде сүт мерекесі немесе ақ дәм мерекесі деп атаған.

Моңғол ағайындары ертеректе Цагаан сарды көктемде емес күзде 9-айда тойлатқан. Күз мезігілінде көшпелі мал шаруашылығымен өмір сүрген монголдарда құрт,ірімшік малдың сүті, айран дегендей ақ тағаммен той жасағандықтан Сүт меркесі немесе мал өнімдері негізге ала Ақ меркесі ( Цагаан сар) деп атаған.

Цагаан сар әр ғасырда әр түрлі заман ағымына төтеп беріп келе жатқан Моңғол халқының қанында орныққан ұлттық мереке.

*13-ші ғасыр немесе 1205 жылы Тэмүүжин Моңғол тайпаларын біріктіріп хан тағына отырғаннан кейін. Шыңғысхан көнеден келе жатқан мереке «Ақ тағам» мерекесі «көктемнің алғашқы айында мал төлдеп,ақ шығып,гүл байшешек жарған кезден белгілеу керек»- деген бұйырық түсіріпті дейді. Шынғысханның әмірімен жана мемлекеттің көне мерекені жанғыртып үлкендерді сыйлау,ағайын туыс бір-бірімен тату болу ізет білдіру құрметтеу қатарлы ізгілікке шақырған заңнамалары ғасырлардан жалғасып осы мерекеде көрініс табады. Содан бері жалғасты тойлатып келе жатқан Цагаан сар меркесі монголдардың ұлттық мерекесі.

* 17 – ғасырда Моңғолда діни ұғым басымдылық танытып Өндөр гэгээн Занабазар алгашқы Боғдамен сайкес бұл мерекені діни мерекесімен қабат қатар белгілейтін болыпты. Содан бері Цагаан сарғада діни рәсімдер кіре бастағанын Моңғол ғалымдары мойындайды.

* Сүхбаатар, Чойбалсандардың ұйымдастыруымен 1921 жылы ұзақ жыл мәнжілер боданында болған Моңғолдар өзі жеке егемендік алған еді. 1930 жылдары салт-сана, дәстүрге, дінге шектеу қойылды. 1950 жылдардың басында маршал Чойбалсан қайтыс болсымен Цагаан сар мерекесі тойлату ескінің көзі ретінде Цагаан сарды тоқтату қаупі төнгенде оны бұл ежелден көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын малшылардың тойлатып келе жатқан малшылардың мерекесі -деп басқаша атау беріп қалалы жерде тиым салсада ауылдық жерде жасырын тойлатып келген еді.

* 1990 жылдары Кеңес одағы құласымен Цагаан сар өз атауына ие болып жалпы халықтық сипат алып ел егемедік алған ұлы тойларына кейінгі ұлттық той ретінде тойланып келеді. Цагаан сардың алғашқы күні ел басы міндетті түрде құттықтау жолдаса, Цагаан сар мерекесіне орай ел бойынша 3 күн демалыс берілген. Үкіметтен арнайы қаржы бөліп еркін тойлатуға мұмкіндік жасалынған. Цагаан сар кезінде жыл бойғы жұмыс қортындыланып әр саланың саңылақтарына үкіметтік,министрлік әр сатылы сыйлықтар табыс ету де дәстүрге айланып келеді.

Цагаан сарды тойлауға дайындық басы «Битүү» күні.

Цагаан сар негізі «Битүүний өдөр» күнінен басталады. Бұл күні моңғол халқы ертеңгі істейтін жұмыстарын анықтайды. «Битүүний өдөр» күн деген Цагаан сардың алдынғы, ескі жылдың соңғы түні. Ол түні ай тумайтын болғандықтан «қаранғы түн» деген мағынада. Және бұл күні жаңа жұмыс бастамайды, тіпті ауыл қыдырмайды. Тек үйінде ертенгі күн шығысымен Цаган сарды тойлатуға дайындық жасап үйінде отырады. Цагаан сар мерекесіне де дайындық тазалықтан, қағынып-сілкінуден, барынша жаңа, таза, сәнді киім-кешек әзірлеуден басталады. Бір-бірінің реніштерін кешіп, татуласу моңғолдар үшін де Цагаан сар күнімен қауышудың негізгі шарттары. Ай бітіп келесі ай туар кездегі осындай ара қашықтықты қазақтар өлі ара дейді. «Битүүн» күн жайлы Моңғолдың жаңа әдебиетінің іргесін қалаушы жазушы Д.Нацагдорж 1932 жылы жазған «Жылдың басы көздің жасы» атты әңгіме жанырында жазған шығармасы арқылы битүүн күнде үйде тазалық істеп шаршаған жалшы қыздың өмірін суреттейді. Шығарма сол дәуірде комунистік идеямен жазылсада 1932 жылдарғы Цагаан сар мерекесі жайлы мағлұмат береді.

Цагаан сар мерекесін тойлату

Цагаан сардың алғашқы күні ерте тұрып ең жақсы, ең жаңа кимдерін киіп Шыққан күннің алғашқы шапағына тәу етіп қарсы алады. Әулеттегі ең үлкен ақсақалға барып амандасады. Жасы кішісі екі қолын ұсынғанда, үлкені екі шынтағын оның қарының үстіне қояды. Бір-біріне ақтық ұсынып және арнайы дайындаған сыйлық беріп жақсы көңіл күй сыйлап, мерекелік құттықтау айтады.
Негізі алғашқы күн әулетің немесе аулыдың ең үлкен қарияларына сәлем беріп солардың шаңырағында «Ақ тағам» тойларын тойлатады. Бұл күні жыл бойы ренжіген ұрысқан адамдармен татуласатын күн. Бұл күн еш бір күйкі өмір күйбең тірлікті ұмытып тек үш күн ұдайы жыл басын тойлататын күн.

Цагаан сардың екінші күні орта буынды жастылар өз шаңырағында үлкендерді шақырып ұлан асыр той жасаса, Цагаан сардың үшінші күні жаппай той думанға ұласады. Цагаан сар мерекесінде Моңғолдарадың үстінен тек өз ұлтының ұлтық киімін ған көресін. Ақ сарайдағы ел басынан анау таудың басындағы малшының да үрім бұтағына дейін ұлттық кимдерін киіп шығады. Бұл күні жаңа замандық үлгідегі костюм пенжеңке киген моңғол адам көре қою өте сирек. Цагаан сарды ресми түрде үш күн дегені болмаса 8 күнге дейін жалғасты тойлатады. Ай бойы тойлататындар баршылық. Цагаан сар мерекесіне орайластырып «Ердің үш сайысы» атты Аламан бәйге жарысы, садақшылар жарысы, палуан күрестірліп тойлату мерекелік қызық думанға ұласып келеді.

Цагаан сар мерекесінің дастархан мәзірі

Цагаан сар мерекесінде міндетті түрде қойдың бұзылмаған ұшасын (құйрығымен) пісіріп әкеп тартады және дастарханға Ул боов жыйнап үстін ақтағаммен яғни құрт, ірімшік сияқты өзге ақ дәммен толтырады.

Ул боов дегенміз ағаштан бедерлеп ойылған қалыппен істелген сопақ пішінді шелпек тәтті тоқаштар. Моңғолдар үйіне келген қонақтарға мерекеде ауыз тиетін алғашқы дәмі өздерінің айран, сүттен қарапайым әдіспен-ақ тағам сары суынан тартқан шамасы 10-15 градустық шараптары.

Сонымен бірге жаңа замандық тәтті кәмпит жеміс-жидектерде дастархан сәнін келтіріп тұрады. Көбінде мәнті (бууз) тартылады.

Діни рәсімдері бойнша бұл күні Лхам құдайы отбасына келеді деп тағам дайндап,дастархандары мейілінше көп жасап қонақтарды разы болғанша сыйлап жібереді. Жақсы көңіл сыйласа жыл бойы жақсылық болады деп сенеді.

Жанарбек Ақыбиұлы

Advertisements

Janarbek

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s