Жанарбек АҚЫБИҰЛЫ. Қауымдастықтың атын өзгертейік


http://shyn.kz/article/view?id=417

Жанарбек АҚЫБИҰЛЫ. Қауымдастықтың атын өзгертейік

Моңғолия қазақтарының III-құрылтайы биылғы жылдың 3-7 шілдесінде Ұланбатыр қаласында болып өтіпті. Мен бұл жиынның елді «қарық қып» тастайтын іс-әрекетін емес, өткен орыны жайлы ойымды жаза кеткенді жөн көрдім.

Шынымен-ақ қазақтың мүдесін көздеген құрылтай болса Моңғолияның қазақтары шоғырланған өлке – Баян-Өлгейде өтуі керек еді. Ұланбатыр және оның айналасында шашырай мекен етіп жатқан қазақтардың саны әрі кетсе он мың ғана. Бұл өсіріп айтқанымыз. Ал Моңғол еліндегі жүз мыңнан астам қазақ Баян-Өлгейде мекен етіп жатыр. Сонда қалайша осы жолы құрылтайды өткізуге Ұланбатыр таңдалған?

Қазақ диаспорасының қамын ойлағандар Монғолдың үкімет адамдарымен кездескісі келсе, қандай да бір нақты келісім-шарт жасасқысы келсе, Ұланбатырда жалғыз конференция ұйымдастырса немесе арнайы ресми мәжіліс өткізсе жетіп артылады. Қазір Моңғолия парламентінің мүшесі, бүгінгі моңгол билігіне сөзі өтіп тұрған Ағыпар шалдың Бәкейі үкімет адамдарынан кім керек, бәрін жиып әкеп кезіктірер еді. Басқа елдегідей мәнсапқа бастары айналып кергіп, керіліп-созылмай Моңғолияның жаңа үкіметінің билігіндегі басшылар белсенді түрде атсалысар еді. Тек Қазақ елінен сөзі мен ісі үйлескен, нақты іс тындыра алатын іскер жан келсе, нақты пісіп жетілген іс-жоба жоспары болса болғаны.

Дүниежүзлік Қазақтар құрылтайы шын мәнінде қазақтың мүддесін қорғап, шеттегі қазақтың үнін Қазақ еліне жеткізетін, елбасы Н.Ә.Назарбаевқа ақ тілектерін жеткізетін осы ұйым болуы керек еді. Бірақ олар бұл жолы да жеңілдің асты, ауырдың үстімен жүріп көз алдау қылығын жасады деп топшылап отырмын.

Себебі, осы жолы Ұланбатардағы Кіші құрылтайда сөйлесіп, кеңесіп шешкен істерін не десек, түкке тұрмайтын бірдемелер. Мәселен, Моңғол еліндегі қазақтарға домбыра жасауды үйретпекші екен. Айналайындар-ау, Қазақстаннан Моңғолияға қыдырып барған ағайын «Баян-Өлгийде бағасы арзан» деп қос-қостан добыра сатып алып кетіп жүрген жоқ па? Әлде ол домбыра мен бұл домбыраның айырмашылығы бар ма?!

Ал Қазақстан телеарналарын көрсету Баян-Өлгийдің барлық жерінде сонау ертеде, марқұм Қ.Найманбаевтың заманында, аймақты әкім Мейрам басқарып тұрған тұста іске асқан. Оны қайта-қайта несіне талқылай береді?

Шынымен-ақ қазақтың мұңын естігісі келсе, қазақ балаларының қазақ тілінде білім алудағы ақсаған, айта-айта жауыр болып қақсаған мәселесін көргісі келсе, нағыз қазақ осылар деп әспеттейтін Моңғол қазағының бүгінгі таңдағы «ұлттық-рухани» дейтін аты бар да, заты жұқарған жан-дүниесін сезгісі келсе, жәудіреген қаракөздермен көзбе көз жүздесіп, елдің мұңын өз аузынан естігісі келсе Қүрылтайды Баян-Өлгейде өткізу керек еді. Сонда ғана келелі мәселер күн тәртібіне шығар еді. Әттең… әттең…

Бүгінде Қазақстаннан Моңғолияға ресми адамдар жиі келетінін білеміз. Бірақ олар ел көзіне түспес үшін сиқырлы киім киіп келеді деген анекдот бар.

Мұндайда Моңғолияның Баян-Өлгей аймағының сонау қиыр шетіндегі ауылдарға дейін барып, қорадағы малдың көңін иіскеп, төрге төселген сырмаққа жантайып жатып, қарапайым бұқарамен сырласып, қаймана қазақпен етене араласып, қал-жағдайларын сұрап аралап кететін Ерлан Қариндай ұлтжанды азаматтан Дүниежүзілік қазақтары қауымы үлгі алса ғой дейсің.

Сөзден, нақты іске көшетін кез жетті. Алыста қамқор ата-мекені барын шеттегі күйкі өмірдің күйбең тірлігіненен бас ала алмай жүрген қазаққа ауық-ауық сездіріп отыру керек. Кабинеттен шықпай отырып шеттегі қазақтың қай мәселесін білесіздер, қай мұң-мүддесін тыңдайсыздар? Көзбен көріп, аяқпен жүріп бармаған соң мәжілістегі күпінген сылдыр сөз іске аса бермейтінін, негізі біз де біліп қалдық.

Дүниежүзілік қазақтар құрылтайынан бұрын көп үміт күтуші едік. Енді былайғы жұрт «Жә, көп сериялы киноның арасындағы жылт ететін жарнама ғой олардыкі» – деп мүлдем сенбейтін бопты. Налып отырмын…

Мұндағы қазақтар Қазақстанға алақан жаймай-ақ өзін-өзі асырап, бағып- қағып келген, солай жасай береді де. Тек өз арамыздағы ұлтжанды азаматтар аман жүрсін, жоқтан бар жасап ұлты үшін жарғақ құлағы жастыққа тимес. Бірақ ішіңдегі запыранды әлем қазағының мұң-мүддесін қорғар бұл ұйымға айтапсаң, енді қай әкеңнің басына барып айтасың. Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы шеттегі қазақ үшін іс қыла алмаса, атауын өзгертсін – «Дүниежүзінің қазақтарына қыдырып қайтатындардың қауымдастығы» болсын! Онда біз де ел-жер көріп қыдырып келген ағайынға өкпе артпас едік…

Жанарбек Ақыбиұлы, блоггер, фотограф.

http://shyn.kz/article/view?id=417

Advertisements

Janarbek

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s