Жанбота Тиянақұлы-Мешіт салу мақтан емес жандандырып іске асыру мақсат.


Монголияда қазақтар ең көп шоғырланған жер Баян-Өлгей болса келесісі Ұланбатырдан 45-шақырым Налайх өңірі. Осында қазақ тілімен Ислам дінінен дәріс беріп сондағы қазақылықты дәріптеп жүрген Жанбота Тиянақұлымен арнайы кезігіп әңгімелескен едік.

Жанбота Тиянақұлынан қуанышты жаңалық Налайхда салынып жатқан мешіттің жай-жапсарын және Налайх қазақтарының қал-ақуалын айтып беруін өтіндік.

– Бал-балалығым ауылым Бұлғын сұмынында өтті ғой. Сонда мектеп бітірісімен өмір жолымды қасиетті ислам білімдерімен сусындап бастағым келді де, біздегі қазақтардан шыққан халықаралық елші, сардабал саясаткер Сайран Қадырұлының сара жолымен Арап, Түрік елдерінде 10 жыл білімімді жетілдірдім. Осы уақытта Ұланбатырға Налайхға барғанымда ондағы қазақтардыңұлттыққұндылықтарға қатты шөлдейтінін байқаған едім. БаянӨлгийден және Қазақстан тарапынан болатын  мәдени  іс-шаралардың бәрі Ұланбатырда болатындықтан әсіресе қазақ тілінде концерт болады десе, 45 шақырым Налайхдағы қазақтар  Ұланбатырға сабылып, соған келіп көріп тамашалап түн ортасында тараған соңүйіне қайтарға такси іздеп жүретіні. Осы көрініске бір жағы ұлттық рух қой деп қуансам бір жағы солай түн қатып жүріп, бірдемеге ұрынып қалатынын  естіп көріп қынжылатынмын.

 Тағдырым солай шығар өмірлік жолдасымды осы Налайхдан таңдаған  соң осында  мекендеуге бекіндім. Содан мұнда ұлттық рухты жандандыру үшін не істеу керек деп анықтама жасадым. Ізденіс жасап жүріп жергілікті оқыған тоқыған аға-апайлармен және ауыл ақсақалдарымен ақылдасып кеңесіп жүргенде ақсақалдардың «Сенің  атаң тірі болса осы Налайхда бір зәулім мешіт бой көтерер еді. Ол кісі уәде берген еді, бірақ Алланыңқұдіретінде шек бар ма, бізді қуантып қайтып бара жатқанда аварияға ұшырады ғой! Шіркін қайран Кәкей, сен кеткен соң бытырап жүрген біздіңқалды кім керек қылсын»-деген сөздері жаныма батып кетті. Иәәкемнің ағасы Кәкей Жаңжұңұлы танымал ақын өмірінің соңында Монголия қазақтарына исламды қайта жандандыруға  ерекше  ат салысып еді. Тіпті Баян-Өлгийден алыстағы Налайх, Эрдэнэт қазақтарымен тығыз байланысып елдің азып тозбауы үшін мешіт салдырам деп жанталасқан істерін мұндағы елден естіп қатты толқыдым. «Шіркін-ай өзіңді бір көре алмағаным-ай» – деп қанша өкінгенімен алланың ісіне шара бар ма? Аяулы атамның алыстағы қазақтардың ішінде мешіт болса деген асқақ арманы әлі орындалмағанын мұндағы қазақтар ақының өлгеніне16 жыл өтсе де ұмытпаған қинала айтып жүр. Мен жергілікті қазақтарға мешітті бәріміз жабылып саламыз Кәкейдің асқақ арманын орындаймыз деп сендірдім де, жатпай-тұрмай қаржы кіргізетін жол іздеп жан-жақтан көмек сұрап хат жазумен болдым. Түрік, Араб, Қазақстандағы барлыққұзырлы орындарға хат жазып мұндағы мұсылман қазақтарға қол ұшын беріңіздер деп өтінумен болдым. Ақыры Түркияның Достық елі жобасының бастығы мен ғаламторда танысып қаншама хат алмасумен ұзақ жылғы ізденісім нәтижелі болып, мешіт және медіресе деп  екі бөлек мешіт және медресе құрлысы басталған еді, енді бітуге жақын қалды. Мешіт салу, салдыру атақ емес соны ел игілігіне пайдалана білу игілікті іс екені айтпаса да белгілі. Салынып жатқан құрлысымызды өн бойына қан жүгіртіп жандандырып алып кетсек деп ойлаймын.

 Мешіттің салынуына жергілікті Моңголдар қарсы болған жоқ па? Ашылу салтанатын қалай өткіздіңіздер және қиындықтар туындады ма?

 -Мұндағы қазақ монголдар тату тұратындықтан мешіт құрылысына ешкім наразылық білдірмеді. Қайта тамаша бір әсем құрылыстың бой көтергеніне қуанғандар көп болды. Әрі саясаткер Сайран Қадырұлының Монголяның анау батысынан бастап астанамыз Ұланбатырға дейін салдырып жатқан мешіттерінің сүрлеу жолының  пайдасы тиді. Ешкім наразылық танытпады. Ал құрылыс саларда Налайхының астында 4 метр қалыңдықта мұз барын анықтады. Сондықтан мешітті сапалы салу үшін жерді қаздырып екі қабат табан салумен бірге жер астына біраз діңгек салдырды. Сапаға қатты мән берілуде. Құрылыстыңқабырғасының тендірін ұтып алған монгол құрылысшылары, ал мешіт күмбезін түріктер өздері келіп салып жатыр. Күмбезі монголдағы күмбездердің еңүлкен күмбез болып шығады. Осы құрылыстың ашылу салтанатына жергілікті Налайхы азаматтары, құрылтай төрағасы және «Дос елі» жобасының төрағасы Махмед Сежар, түріктің «Тика» жобасынан уәкілдері, Қазақстанның монголда отырған елшісі Омар Орманбай бастаған қонақтары болып жергілікті жұртшылық  болып ашылу салтанатын істеп қайтты.

 Жанботадан алғаш Налайхға барғанда көп елді танымайсың, сен Ислам ілімдерімен сусындадың былайша айтқанда сен Араб, Түріктікімен сусындадың, бірақ Налайх жастарымен тіл табысу саған қиын болған жоқ па деп сұрағанымда:

 –Әрине мен қазақи ортада өстім, ал студенттік өмірім нағыз исламдық ортада болды сондықтан бастапқыдан мұнда әрине жерсіну оңайға түсе қойған жоқ. Жергілікті қазақтармен бірден тіл табысып кетуде оңай емес, сонымен болашағымыз жас буын ғой деп алдымен солармен жұмыс жасағым келді. Әрине балалар ойыншыл ғой. Монгол қазақ болып екіге бөлініп алып өздерініңөзінше шығарған заңдарымен футбол ойнап жүргені назарымды аударды. Содан өзімде сол балалармен шаң-шаң болып футбол ойнауға тура келді. Небір қызықты қимылдармен балаларды қызықтырып жүріп футболдан аз уақытта жаттықтырушылығым нәтиже де бере бастады. Балалардың ата-анасы келіп арнайы жатықтыруымды қалады. Сонымен Налайхдағы он үш жасар  қазақ балаларынан ресми түрде тұнғыш рет футбол командасын құрып алдық та, нақты ережемен жаттықтыра бастадым. Қаншама тер төгу мен жаттығудың арқасында осы он үш жастағы балалар республикалық чемпионат сыналтуда соңғы сегіздікке дейін жеттік. Жаттықтырған еңбегім еш кетпеді. Еліміздің  арнайы жаттыққан командаларымен шеберлігі тең тұрғаны мұндағы қазақтардың мерейін асқақтатты. Содан танымалдылығымыз арта бастаған соң (кулді) біртіндеп қазақ тілі және түрік, араб тілдерінен арнайы оқыту курстерін ашып жұмыс істете бастадым. Кей жылдары үйіме кей жылдары орталықтан арнайы бөлме жалдап жұмыс жүргізіп жүрмін. Содан болар қазақ тілінде білімін жетілдіргісі келетіндер саны жыл сайын  артып келеді. Қазақи оқу құралдары қолымды байлап қинап-ақ жүр. Қазіргі сәтте қазақ тілінде оқулық және әдеби кітаптар іздестіру, соларды қалай қайдан табу жолдарын қарастырудамын.

 Ж.Тиянақұлынан сондағы қазақтарға материалдық жағынан көмектесіп тұратыны жайлы естігенімді айтып, осы туралы айтуын өтініп едім:

 ә кішкене дүкеніміз бар, қазақ оқушыларымен және жағдайсыз жандарға қол үшін беруге тырысамыз оны біреуге мақтан үшін емес алла ризалығы үшінгі іс деп әңгімені қайырып қойды.

 -Жалпы Налайхда қанша үй қанша қазақ бар? Олардың қазақылығы қалай?- дегенімде:

 -Налайхда 50 мыңнан астам халық мекендейді. Соның бес мыңнан астамы қазақ. 800-дей үй  бар. Бұрынғыдай емес жастар салт-дәстүрді ұмытпай ұғып жатыр, бірақ керемет күтіп сақтап жүр деп айта алмаймын. Бірден-бір қажеттілік монгол тілінде болған соң, өз тілінде ортада, жұмыс жерінде сөйлеу қажетілігі жоқ болған соңәрине тіл жағы ақсап барады. Мұндайда жастарға әр жағынан қызмет көрсететін қазақи мәдениет орталығың жоқ болған соң кімге өкпе артасың. Шамаңша азба, тозба дегенімен айтудан қарағанда соған қарсы  іс жасау бір басқа ғой Сол ұшін ғой ана салынып жатқан құрлысты бір жағы мәдени орталық болдыру мақсаты  тундап отыр – деді.

 Жанботаның күйініп айтып отырғанын сездім. Осы бір жас жігіттің бойындағы ұлттық рухқа разы болып, Жанботаға құрғақ сөз де болса  демеу  ғой деп «Жастық жалыныңды сондағы қазаққа арна. Еңбегің тек Алладан қайтсын шамаң келгенше жанталас. Алған бетіңнен қайтпа!»- деп жігерлендіріп ақыл қосып қойдым. Құрғақ сөз құр ақылдың түріне үйренген жас жігіт көзіме тіке қарап жымиып қойғанда мен еріксіз төмен қарап қоштастым.

Жанарбек Ақыбиұлы

Advertisements

Janarbek

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s