Бүркiт тойы “Жас Алашқа” жаряланған суреттерім


http://zhasalash.kz/fotooner/8935.html

Бүркiт тойы

Жанарбек Ақыбиұлы Моңғол елi Баян-Өлгей аймағында тұрады. Бала жасынан фотоаппаратқа әуес бауырымыз тау спортымен шұғылданады. Қолынан аппаратын тастамайтын бауырымыз “Шалкөде – елдiң жайлауы” атты фототүсiрлiмге бiздiң арнайы шақыруымызбен келiп, қатысып кеткен едi. Жанарбек бүгiнгi таңда ғаламтор арқылы Моңғолиядағы қазақ жастарының арасында әртүрлi жарыстар ұйымдастырып, фотоөнерге баулып жүр. Бұл жолы Жанарбектiң Моңғолия қазақтары ұйымдастырған Бүркiт тойынан түсiрген фоторепортажын ұсынамыз. 

Моңғолия қазақтары соңғы 10 жыл қатарынан туризм бағытында Бүркiт то­йын ұйымдастырып келедi. Баян-Өлгейде 480-ге тарта бүркiтшi бар. Бүр­кiт то­йына жылда 200-дей бүр­кiтшi қатысады.     Баян-Өл­гейде Бүркiт тойы екi жерде өте­дi. Бiрi – Сақсай өлкесiнде, келе­сiсi – Бұғыта өлкесiнде. Бұл жолы Сақсай өлкесiндегi Бүркiт тойынан түсiрiлген су­реттердi тамашалаңыздар.
Той әдетте­гiдей бүркiтшi­лердiң шеруiмен басталады. Барлығы қолдарына бүркiтiн қондырып, мiндеттi түр­­­де ұлттық киiм­дерiн киiп, кө­рер­мендi не­ше қайтара айналып шығады.
Баласындай бүркiтiн аялаған,
Қыранынан ештеңе аямаған.
Айналайын ақ сауытым,
Ал қане! Көтер басты, тая маған!
Бүркiтшiлер тау басына бүркiтiн қон­ды­рып, өздерi етекте тұрып “шақыру” жасайды. “Шақыру” тау басындағы бүр­кiттiң томағасын атқосшы сыпырысымен айғайлаған иесiнiң қолына келiп қонуы керек.
Бұл бүркiт тойына мiндеттi түрде ұлттық нақышта қазақтың бұ­рынғы ұлттық киiм­де­рiн кию мiндеттi. Киiм­дерi аң және мал терi­лерiнен тiгiлiп, ұлттық нақышта әшекейленуi керек. Ұлттық нақышта киiн­бе­ген құсбегi жарысқа қатыстырылмайды. Ал ерекше сәндi әрi көне үлгi­нi сақтап киiнген құсбегiнiң ұпай саны өседi.
Моңғолиядағы қазақтар ұйымдастырып жүрген Бүркiт тойын 30-ға тарта елден туристер келiп көредi. Соңғы            20 жыл­да әлем туристерi Моңғолия қа­зақтарының құсбегiлерi жайлы бiрне­ше кiтап шығарып, деректi фильмдер түсiр­дi.
Той соңында жеңiмпаздар арнайы сыйлықпен марапатталады. Тойға қатыс­қан барлық құсбегi сыйдан құр қалмай, үйлерiне шат-шадымен көңiл­мен қайтады.

Фото Жанарбек Ақыби

Жанарбек Ақыби

Advertisements

Janarbek

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s