Т.Нұрқадыл палуан


Тоқтарбай ұлы Нұрқадыл 1925жылы Улаанхус өлкесінің қызыл төбе маңындағы домбырашылдығымен танымал Бейіс зәңгі (Бешең,Қалақша) ауылында дүниеге келген. Әкесі әділ де турашыл,бірбеткей, халқына,әсіресе, ауылдастарына беделді адам болған. Азғана мал дәулетін қанағат тұтып, оны бағып, қағып өсіріп және де іскерлікпен шұғылданатын адам еді. Нұрқадылдің анасы атақты Қырыққанбас Назар батырдың қарындасы. Ол Алтайда қыз күнінде жігіттермен жарысқа түсіп , жеңіске жетіп жігіттерді тізе бүктіріп, жауырындарын жерге тигізген қыз палуан атанған алып денелі, нагыз мықтылардың мықтысы болған. Осы палуан қыздың Азанбай,Түсіп деген екі бауыры болган. Олар Алтай,Ховдаға аты жайылган жауырындары жерге тиіп көрмеген палуандар болса керек..
Үйдің жақсы болуы- ағашынан
Жігіттің жақсы болуы-нагашыдан дегендей
Нұқаңның палуан болуы нағашы жұртына тартқан алып денелі анадан туған нағыз алып жігіт еді. Жастайынан ақ жылқыларды жалынан тырып еткізбеи ұстап жүгендеп жүрген Нұрқадыл көзге түссе.Төлек руының палуандары Қалден, Ордахан, Қаматайлар Нұрқадылдің келешек палуан боларын сезіп, оны өз бауырларына тартып баули бастайды. Мысалы 1944жылы Улаанхус сұмынында Естімес ұлы Садуге ас беріледі. Ас берудің 2-күні ас судан соң ең атақты Төлек, Саңырау руының палуандары барған екен. Төлек жағының жігіттері жас бала Нұрқадылді ертіп барыпты. Сонда Монгол күреспен 40-тай палуан белдесіп , 1-орынға Р.Қаматай, 2-орынга Ойғыр сұмынының Тотпақ палуаны, 3-орынға бала палуан атанған Нұрқадыл иеленіп халық қошаметіне бөленеді. Соның алдындағы бірнеше жыл бұрын Баян-Өлгий аймағы орнауының 4 жылдық тойында соңғы 4 палуанның біріне қалып елге танылған.Осыдан кейін ақ оның атағы халыққа жайыла бастаған.1951жылы халық төңкерісінің 30 жылдық тойына орай Улаанбаатарга шақырумен барып, 1024 палуанмен белдесіп, 5-кезеңде қарсыласын жығып, Монгол елінің ұлтық куресінің арнайы Лашын деген атаққа ие болды. Монголядағы аз қазаққа мереи болып сондағы қандастарын спортқа әсіресе куреске деген қызғушылығын ойатқан спортық жеңістерінің бірі еді.Содан былай 1951,1952,1953,1954,1955 және 1962жылдары Баян-Өлгей аймақта 6-рет ағалап ерен күш иесі екенін дәлелдеген еді .1951жылы Улаанбаатардағы күресте Хөвсгөл аймағының мемілеккеттік Лашын Ванчиді жығып монгол палуандарын сескендіреді. Кей жылдары еліміздің қала аймақтарынан палуандар Нұқаңды жықпақ болады. 1952-жылы Увсы аймағынан Гэлэг Баян-Өлгийге келіп Нурқадылға шамасы жетпей жығылып қайтса, 1964жылы Ховда қаласының 200 жылдық тойында болған палуандар сайсында соңғы төрте қалып, күш иесі екенін танытады.Және аймағымызда өткен жастармен студенттердің фестивалында ағалаған. 1969 жылы аймағымызда өткен палуандар масшықатында Монгол елінің чемпионы Б.Тувдэндоржыны жыққан. Нұрқадыл алып күш иесі болумен қатар қоғамдық еңбекке нағыз мықты өз ісіне төселген жан болды.1944 жылы Улаанбаатардан сауда техникумын үздік бітіріп мамандығы бойынша аймағымыздың Буянт сұмынында есепші, Улаанхус , Ойғыр ,Өлгий қатарлы жерлерде 42 жыл жемісті еңбек еткен. Нұқаңның еңбегі кезінде бағаланып келді. Еңбек құрмет медалымен 2рет Халық төңкерісінің 25,40,50 жылдық мерекелік медалдар , үкімет орнауының құрмет граматасы , қаржы-қаражат саласының әлде неше реткі сый құрметіне бөленген. Оның қажырлы алып күш иесі болғаны еліміз бен аймақ тарихында ерекше орын алуда.Өз дәуірінің танамал ел қәдірлеген спортық түлғаларының бірі еді. . Нұрқадылдың спортық табыс,еңбегін жас ұрпаққа насиқатау ұлгі түтыу мақсатында Баян-Өлгий аймақтық спорт комидеті жыл саиын Нұрқадыл атындағы Монголдың Ұлтық куресмінен аймақтық Чемпион сыналтыу жарсын жүргізу дәстүрге айланып келеді.
Жанарбек Ақыбиұлы

Advertisements

One thought on “Т.Нұрқадыл палуан”

Janarbek

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s