Шолтай ұстаз


Көзін ашпақ болып қалың наданның,
Қасиетін танытып кітап,ғаламның.
Көрсетіп білім,шырақ арайын ,
Бірі болды мектеп ашқан адамның..

Монғолия қазақтарының алғашқы жаңа заман ұстаздары еңбек жолдарын жапалы қиыннан бастаған екен,бергісін айтқанда мектеп құрлысын қойып оқу-құрал да жоқ,Ең бастысы жергілікті қазақтар тым жақсы көңілмен түсінушілікпен қабыл ала қоймағандар да болыпты.Сол кездегі қазақтар «Бүгін орыстың жазуын үйретсе, ертең дінін үйретеді» -деп азғындаудың алдын алмақ болған секемшіл қазағым Монғолдың Қобда бетін тыстап шекара асып Қытайға көшкен қайғылы тариқ орын алғаны жайлы Шолтай аға туралы материал іздестіру барсында кездесоқ естідім.Қашқан ауылды тоқтатам деп әскери күш талай қазақты шекарада атып тастағанын көнекөздер айтқанмен сол кезде түгендеп статистикаға кім тіркепті.Бұл жайлы естіп сол көштің сүрлеуімен іздестіріп жүріп өтіп біраз жайға қанық болдым.Осындай қиын кезде өз ұлтын, өз халқын не бір қиындыққа қарамай сауатын ашқан ұстаздардың бірі Шолай ұстаз.Ауылдың ұлтжандыда өр көкірек жігіттері Шолтайды ұстаздығы ұшін өлтірмекші де болған,Бір-біріне ара түсіп жүріп жаны да қалған.Сонда да ағартушылық жұмысын тастамаған. Ақыры өз мақсатын асқар тауға балай білген Шөкең бар ғумыран Өлгей қазақтарын оқытыуға арнаған ұстаздардың бірісіде бірегеиі.Бүгіндері тарихта аты алтын әріппен жазылған Өлгей қазағының мақтанышына айналған даңқты ұстаз.
Пақырлар-ай заманың курт өзгерерін қайдан білсін.Шолтай ата монгол елі қазақты қамқорлығына алып ел қылып бұл қоғамды бірлікте құратынына сенді,өзі бар ғумырын арнады.Сол кезде осы заманда болжай алмағандар көп сенделіп қыйналып тіпті біреулердің көзі жетіп өмірден көреде де,тіпті сезеде алмай өткен заман-ай деші.

Шолтай мұғалім есімін еңкейген кәріден еңбектеген жасқа дейін біледі десек артық болмас.Керей қазақтарын білім нәрімен сусындатуға бар ғұмырын арнаған қарапайым да қарымды ұстаз Шолтай Себетұлы 1910 жылы Улаанхус сұмыны Көктөбе деген жерде туылған. Ата-анасы кедей адамдар болған соң, басқалардың малын бағатын.Шокең 10 жасында молда Ахмет деген адамнан төте жазу, 11-12 жасында монгол Дүгэрээ деген кісіден ескі монгол жазуын үйренеді.1924 жылы орнаған Хошуун бастауыш мектебіне оқуға кіреді.1926 жылы Улаанхус сұмынындағы жүн мойкеден (қойдың жүніні жуатын орталық)еңбек жолын бастаған.1932-34 жылдары Москвада Шығыс Университетінде (КУТВ) 2 жыл «Өте жақсы»бағамен оқып, бітіреді.Орыс тілін жақсы білетін,ескі қазақша, монголша жазуларды еркін меңгерген.Дэлүүн,Толбо,Улаанхус сумындарының (аудандарында)бастауыш мектептерін орнатып, әкімдігін атқарды.1940 жылы педтехникумның әкімі болды.1941 жылы қалалық бастауыш мектептің әкімі болды. Шолтай мұғалім 1940-60 жылға дейін 20 жыл 1-10 жылдықта әкімдік, ұстаздық етті.1962 жылы Ойғыр сүмынында жаңа бастауыш мектеп ашу жұмысын партия Шокеңе сеніп тапсырды.Осы мектептің әкімі етіп бекітті. Өмірінің ақырына дейін сонда еңбек етті. 1-10 жылдықта да, басқа мектептерде де, Ойғырда да мектеп ашу оңай болған жоқ, Арнаулы құрылысы, оқу бағдарламасы, материалдық базасы, тіпті ұстаздары да жеткіліксіз жерден жаңа мектеп ұйымдастыру тек Шолтай мұғалім сияқты қажырлы да табанды, жоғары ұйымдастырушылық қабілетке ие жандардың қолынан келетін іс еді.Оқу үйлерін мұғалім, жұмысшы, оқушылардың жар құлағы жастыққа тимей еңбектеніп, субботник жасап соққан кірпіштерімен салғызды.Отын-су, тамақ. басқа керек- жарақты ата-аналармен қоян-қолтық жұмыстау арқылы қанымдап отырды. Әрине, мұның бәрі оңайшылықпен қолға келген жоқ. Шолтай мұғалімнің адамдармен тіл табыса білгендігінің, өзін де өзгені де аямай жұмыстай білгенінің арқасы. Басшылықпен бірге ұстаздықты да өте жоғары дәрежеде алып жүрді.Сан мыңдаған керей қазағын білім нәрімен сусындатты.Шолтай мұғалімнің елге танымал көптеген шәкірттерінен Халық жазушысы «Мәдениетке еңбек сіңірген қайраткер», жазушы, ақын С.Мағауия, революциялық күрестің аға қайраткерлері М.Қашқынбай, Шакен, Еңбек сіңірген ұстаздар-Ү.Ақтышқан, Б.Құрметбек, Еңбек Ерлері- Зайтен, Х.Солтандарды атасақ та жеткілікті. Ұстаздың ұзақ жылдарғы қажырлы да жемісті еңбегін бағалап 1960 жылы «Монголияның Еңбек сіңірген ұстазы»атағын берді.Бұл Монголия қазақтарынан осындай атақты алған алғашқы адам болды. Ал 1971 жылы «Революцияллық күрестің аға қайраткері» атағымен сыйлады.Сондай-ақ «Еңбек қызыл ту» орденімен 1 рет, «Алтын жұлдыз» орденімен 2 рет, басқа да мерекелік медаль,сыйлықтармен марапатталды.Өзі өмірінің соңына дейін еңбек еткен Ойғыр 8 жылдық мектебіне1996 жылы үкімет орнының №234 қаулысы бойынша С.Шолтай есімі берілді.Осылайша ұстаздың еңбегі ақталып,есімі ұрпақтар есінде жаңғырды.Шолтай мұғалімнің ізін жалғастырған қыздары әкелері жумыстаған мектепте Ш.Марияш,Ш.Күлияш мұғалімдер де 1-10 жылдықта көп жылдар бойы жемісті еңбек етті.Ал ұлы Ш.Қанат қазір Баян-Өлгий аймағында салық саласында еңбек етіп жүр,женгеміз дәрігер.Шолтай ұстаз жайлы материал жыиып Қанатты ағаны іздеп барғанымда,сонау 1940 жылдардың басанда Шолтай ұстаздың өз қолымен салған қазақтың кигіз үиі секілді қабарғасы керпіш төбесі темір жалпы пішім кигіз уиге уқсас уиді көрсетті -міне аталарыңның алғашқы мектебі деп,соңында,ұстаздар конторы,балалар жатағы болған,тіпті бертінге деиін 1- мектеп бұны пайдаланған деиді.Мен бүл шағын уидің суретін тусіріп кітаптарға кіргіздірттім.Бүгіндері Шолтай ұстаз жайлы айтылса қажырлы еңбек қайсар мінезді өз халқын біліммен ағарту жолында қанаты талмай қызмет еткен еңбектері де айтылып жазылмағандарыда әліде ұшан теңіз.Өз заманында сазгер М.Ақыбидың *Ұстазыма* атты өлеңі осындай аға ұстаздарға арналған шығар деген бір ой келгенде санама ән сөзіде орала тұсті.
Үніңнен қаз даусындай баяулаған,
Көңіліме сөнбейтіндей арайлаған.
Бейнеңді жүрегіме ұялатқан,
Ұстазым өзіңсің бір аяулы адам.
Сөнбес нұр қалдырған,
сен неткен суйікті ең,
Өтемін алдыңнан
Басамыд иіп мен…

Егер әр пенденің жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол – мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десеңізші! Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар, сірә?!*Шолтай ұстаз еңбегі* аяулыда қадірлі,мәнгілік ізгіліктің арайлы таңындай нұрланады.
Жанарбек Ақыбиұлы

Advertisements

Janarbek

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s