Шөміш қағу


Шөміш қағу

Шөміш қағу – ырым. Көктем айының бас кезінде көкжиекті бұлт торлап, күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Осы кезде ата-бабаларымыз «Күн күркіреді, көк дүрілдеді» деп, үлкен қуанышпен қарсы алған. Осы алғашқы күн күркіреген кезде киіз үйдің босаға, маңдайша не  табалдырығына апа-әжелеріміз   ағаш шөмішті тигізіп:

Айран, сүт көп болсын,

Жақсылық көп болсын,

Жабырқау жоқ болсын.

Ел-жұрт  тоқ болсын, –деп тілеу тілеп, көктемнің алғашқы найзағайлы күркірек жаңбырын қарсы алады. Осыны «Шөміш қағу»- деп атайды.

Ділдә Кәкейқызы(Баян-Өлгей) -Алғашқы күн күркірегенде апамыз ақты алып екі босағаға жағып   мал желінді болсын,ақ мол болсын-деп тілеу тілейтіні,жеңгеміздің -Ии апам босағаны сатпақтап тастады -деп күңкілдеп жүретінді десе

Мөлдір Ерғалиқызы(Алматы)-Апамыздың   букшендеп шөмішті алып алып үйді айналып төрт жағын пергілеп жургенде оның не мәнсі барын түсінбесекте апаммен бірге   үйді айланып жүгіріп шығатынмын дейді.

СамалханРысқанқызы.70 жаста-( Баян-Өлгей)-Өз анамда тіпті енемде алғашқы күн күркірегенде үйінденгі даяр турған  малдың бар ағын алып босағаға не пештің мойнына,жағатынды. Жағып жатып- Ақ мол болсын.Мал желінді болсын.Босаға мызғымасын шаңырақ шайқалмасын-деп ақ тілек тілеитіні  әлі көз алдымада деген еді .

Иә бала кезімізде  құйып кеткен алғашқы жаңбыр не жауында тіпті кейбір қыз-келіндер жаңбырды шөмішіне  тосып ап құрт сөресіне не мал қосаққа не кигіз үйдің үстіне қарай шашатынын  көретінбіз.
Жанарбек Ақыбиұлы

Advertisements

Janarbek

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s