«Қазақтың салт-дәстүрін құрметтеуді Маршал Х.Чойбалсыннан үйреніңдер!»- деп кетіпті Д.Жеңісхан.


«Қазақтың салт-дәстүрін құрметтеуді Маршал Х.Чойбалсыннан үйреніңдер!»- деп кетіпті Д.Жеңісхан.

1940 жылы Баян-Өлгий аймағын   өз қолымен орнатқан алғашқы тұлғалардың  біріде бірегейі   Д.Жеңісхан  1968 жылы еңбек  демалысына кеткенімен.Артында елін  басқарып отырған жастарға не бір ұлағатты әңгімелерімен ұлтын халқын сүйуді және   халқының ерен ерекшеліктерін жастардың құлағына  құйып аманаттағанын сол кезде жазушы журналистер өз іштерінен туып шыққан алғашқы қоғам қайреткерінің  оcы  бір ұлт жандылығын  өз дәуірінде талай жазғанды.Соның бірі Махбуздың «Патша балам» кітабында  қоғам қайреткері Д.Жеңісханмен сұхбатын әңгіме жанырымен жазғанды.

Монгол елінің Маршал әйгілі қолбасшысы Х.Чойбалсан 1939 жылы қазіргі Баян-Өлгий аймағындағы мекен етіп жатқан қазақтардың әр ауылдарын  аралап өз көзімен көріп танысып, Монголдың батыс өңірінің орталығы Ховд аймағына қайтіп барған соң,Хобда аймағында батыс өңірдегі Монгол,Қазақтарды  басқарып отырған. Сол кездегі басшылардың бәрін жыйып алып қортынды сөзінде былай  деді.-Келесі жылы қазақ аймағын орнату жайлы сөз болғанда ол:Қазақ халқын «бага ястан»-(ұсақ сүйектілер) деуді, «хасаг» деген атауларды тоқтату керек.Қазақ ұлтының Монгол ұлтынан еш айырмашылығы жоқ.Қазақ халқы Монгол мемелекетінің өзінің ұлт тілінде мектебі бар,баспасөзі бар дербес бір аймағы бола алады.Мемелекеттік 8- съезге қазақ халқынан өкілін көп сайлау керек.Осыны Жеңісхан сен жақсылап ұйымдастырып әкел.Мен Қазақ сұмындарын аралаған сапарымда қазақ халқының бірталай жақсы дәстүрлерімен әдет-ғұрпын,ерекшеліктерін аңғардым.Сендер жазып алыңдар- деді. Маршал Чойбалсан. Қазақ халқының ерекшеліктерінен он екі түрін жазғызды,-деп белгілеп  жазғандарын оқи бастады-дейді Жекең.Олар:

  1. Қазақ халқы ежелден еңбек сүйген халық.Олар қолға алған ісін тындырмай қоймайды.
  2. Қазақ халқы талапкер,не нәрсені тез үйренеді,тез игереді.Оқуға барған қазақ азаматтары бір-екі жылда монгол тілі мен жазуын үйреніп,монгол тілінде оқып білім алып шығып жатыр.Мына отырған Қаби,Жеңісхан,Әжікендер бұған дәлел.
  3. Қазақ халқы мал шаруашылығын,өнімін жақсы пайдаланып келе жатқан халық.Олар тек малдың сүтімен көп түрлі тағамдар жасайтынын мен көзіммен көрдім.
  4. Қазақ халқы ою-өрнекке,тоқымаға,кестеге шебер екен.Қай үйге барсаңда әшекейлі түскиіз,алаша басқұр тұрады.Бұл дамыта беретін өнер.
  5. Қазақ халқы тазалықты мирас етіп келе жатқан халық.Қандай үйге барсаң да қонаққа арналған көрпе-жастық жыйнаулы тұрады.Үй іштері жинақы,ыдыс аяқтары таза,қол жумай тамақ ішпейді,қолдың майын,суын сүртуге арналған орамал бөлек-бөлек тұрады.
  6. Қазақ халқы жасқанбайтын батыл,ержүрек халық.
  7. Мен қазақтардың өлген адамдарының  бейітін көп жерден көрдім.Бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан жақсы дәстүр.
  8. Қазақ халқы көп жасайтын халық.олар темекі тартуды,арақ ішуді әдет етпеген.Тамақты баптап ішеді.Қазақтар біре екеу болсада бие байлап қымыз ішеді.Қымызды жақсы баптайды.
  9. Жасы үлкенді құрметтеу қазақ халқының жақсы дәстүрінің бірі.Олар қарт адамдарды аттан түсіріп,атын байлайды,есік ашып үйге кіргізеді,төрге отырғызады тамақты үлкен адамдардан бастап ішеді.
  10. Қазақ халқында аңшылық кәсіптің бір саласына айналған.Бүркіт салу арқылы көп табыс табады.Бұл ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан кәсіп.
  11. Қазақ сауықшыл халық.Оларда айтыс,өлең,домбыра шерту,сыбызғы шерту машыққа айналған.Біз мұны жаңа дәуірге сай мейлінше дамытуымыз керек.
  12. Қазақтар өзінің ой арманын бүкпей айтатын халық.Жүз бес жасқа келген Зымыра «Маған өлгенде мола қажет» деп ашық айтты.Дінге бірден шабул жасауға болмайды.Біз оның негізгі өсіп өнетін бір тамырын жойдық.Сондықтан ол бірте-бірте тозып жоғалады.

Мен қазақ халқының бұл ерекшеліктерін көзіммен көрдім.Мұның бәрі жаңа өмірге сай дамыта беруге болатын жақсы дәстүр екенін естеріңнен шығармаңдар -деп тапсырды дейді Маршал Х.Чойбалсын .

Д.Жеңісхан артындағы басшыларға «-Өз халқынды жан тәніңмен  сүйе білуді Х.Чойбалсыннан үйреніңдер»- деп осылай аманттап кетіпті.Бұл оқыйға  1939 жылы Монголдың батыс аймағының орталығы Хобдада болған.

Қазір Моңғоля қазақтары 1939 жылы Маршал Х.Чойбалсын нақтылап тапсырған қазақи салт-дәстүрін сол қалпында сақтап Моңғол елінде жеке ұлтық нақышта бір аймақ болып, дәуірдің не бір ыстық суығын  бастарынан кешіріп өсіп-өніп, өткен жылы аймақтың 70 жылдық торқалы тойын тойлатып өткізді.

Баян-Өлгий аймағы әкімшілік ғимаратының алдына жеке басқа табыну дүркіреген «изм» кезінде Ленинің ескертікіш орнатылған. 1940 жылы Баян-Өлгий аймағы орнағанда Лениннің сүйегі баяғыда қурап қалған. Мұндағы қазаққа аталас жағынан үш ұйықтаса да сорпасы қосылмайтын бұл қасқа бас атамыз күнге қақталып не қып тұр? Қазір Баян-Өлгийде мекендеп жатқан бір не екі  орысты көрсетіңізші маған… Енді кімнен жасқанамыз. 1990 жылдан бері Ленинді қойып Сталиннің ескеркішін көзін құртпаған Кезіндегі КСРО құрамындағы  ел жер жоқ шығар. Ал біздің бастықтар кімнен қорқып, кімге жағымпазсиды. Баян-Өлгий аймағын қай Лениннің туыстары,қай орыстар жандары ашый қалып  орнатып беріп еді…

Моңғоля қазақтарына жеке ұлттық аймақ құрып берген Маршал Х.Чойбалсынға және өз іштерінен шыққанД.Жеңісқандай алғашқы қоғам қайреткеріне осындай құрмет көрсете алдыма? Керек десе тариқшысымақтар Жеңісқан Дүзелбейұлынның  кім екенінде білмей Өлгий тариқына қалам тербеитінің қайтресің.  Өлгеиліктер ендігіде осындай  тұлғаларын бағалап ,ұрпаққа насихаттауыұшін Мәскеуден жарылқаушы жарлық күтуі керек шығар.

Жанарбек Ақыбиұлы

Advertisements

Janarbek

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s