Ұйғыр жазуы атанған тік жазу Найман жазуы екенін батыл дәлелдеуіміз керек !


Мемелекеттік тіркеу ұймы тулғандарға және бас құрап ұйленгендерге куәліктерін крил және ұйғыр тік жазуы бар куәлігін тапсыруды бастады.Алғашқы куәлікті қолдарына алғандар баршылық.Осы ұйғыр жазуын біздің монгол ағайындар Монгол жазу атап апты.Тарихта Қазақтың найман тайпасының хатшысы Тататунғасы Шынғысханың бұйрығымен бауры Хасарға бұл жазуды ұйретумен Монголдар алғаш бұл жазуды ұйреніп жанданып ісқағаздар қоладнысқа кірген,таңба басудыда осы кезде ұғып еді.Бұл Монголдың өз қолдарындағы ұкімет аялап қорғап еш қайда шығармай сақтаулы «қупяшежіре» атты Шынғысханың тариқын әлемге танытқан көне  тариқый шежіре кітапта ашық осылай жазылған.Ақыр бұл жазу монгол жазу атанып жұр.Жуықта қазақстандық тариқшы Турсын Жұртпай бұл жазуды ұйғыр жазуы деп атап кеткені орыстар енгізген жалған термин бұл шын мәнінде қазақтың Найман жазу деп айтып салды.Енді айтып салумен қорғау дәлелдеу екі басқа.Ұйғырлар Наймандай хандығы тіпті жеріде болдыма екен.. ұланғайыр жер иеленіп хандық құрған Найманда неге жазу болмасқа деген ойды өрбітіпті.Бұл шындық еді.Найман мен Керей мәдениетін рушылдық атты қояншық ауруды қоя турып мықтап зертеуді қажет етіп тур.Біз Найман мен Керей мәдениетін аша білсек бүгінгі балба тастардағы Керейдің кимдерін қару жарағында табамыз.Көз алдымыздағы тариха қарап тарих жаза алмайтын көр соқырлықтан қашан арыламыз.Қашан ойдан тарих құрап өтіріке елді сендереп өзімізде сеніп елдің басын қатырамыз. Қазақтың мәдениеті мен өркен ғаламатын өз заманында шарықтаған Найман мен Керей мәдениетін жөнді зертей алмай елге жем қып қойғанмыз-ай.Бұл тайпалардың өз дәуіріндегі құдыретті патшалығын мықты зерттеп өз мәдениетін қазақтың көне ұласпалы бұгінгі мәдениетінің көнесі осылай деп қорғап шығар кун қашан туар екен.

Осы жазбаға тариқышы Асылбектің фейстегі пікірі

Асылбек Байтанұлы Найман жазуы екенін дәлелдеу керек. Шыңғыс хан Найман хандығында қолданылған уйгаржин монгол бичигті Тататунгадан алғаны рас. Бұл – біздің болгарлық кирилл жазуын қолданғанымыз сияқты ғой. Мен жөргем жазуды найманға қимай отырған жоқпын. Керісінше, мен бұл жазуды қазіргі шыңжаң мен қазақстандағы сарттарға (чантууларға) қимаймын. Қазіргі ұйғыр мен сол кездегі ұйғырдың екі басқа жұрт екенін көп жұрт аңғара бермейді. Менің ата қонысым – Ойғыр. «Ойғырым», «ойғырлықпын» – десем, қытай қазақтары ұнатпайтынын байқадым. Сөйтсем, «ойғыр» дегенде олардың есіне өздері бақас ұйғырлар немесе чантуулар оралады екен. Менің мекеніме ат берген, жөргем жазуды қалдырған – Ойғыр немесе Ұйғыр – сарттар емес, ежелгі жауынгер көшпенді жұрт. Ол найманның бір табы болуы да мүмкін. Себебі, қазіргі Баян-Өлгий – найманның ежелгі мекені. Ал қазіргі ұйғырлардың қатысы шамалы. Оларды Жетішаһардан (Кіші Бұқарадан) Тарбағатай, Алтайға, Қобдаға дейін таратқан – жоңғарлар. Құлжа сапарында ұшыратқан Шоқан бұларды – «тараншы» деп атаған. Таран (тариан) – егін, шы-егінші. Бұл – олардың мұңғұлша аты. Шоқан және бұларды «чантуу» деп қытайлар атайтынын, оның мағынасы – басын ораған мұсылмандар дейді. Жоғары айтқанымызға қайта оралсақ – Қобдадағы сарттар өздерін ешқашан ұйғырмыз, аталарымыз осы жазуды ойлап тапқан деп айтпайды. Оларды да жергілікті халық чантуу деп атайды. Сарттардың Мұңғұлиядағы екінші тобы – Увс аймағы, Тариалан сұмынындағы хотындар. Бұл сарттарды Жоңғария қонтайшысы Галдан Бошигт егін салдыру үшін көшіріп апарған. Кейіннен, 100 жылдан соң қазақтың керей руының жәнтекей ішіндегі есағасы ауылын дөрбет шапқанда біраз мұсылман соларға қосылса керек. Бұларды әлі ешкім түбеселі зерттеген емес. Тұжырымдап айтқанда, тарихта қолдан жасалған, өзгенің даңқ-дақпыртын иеленіп жүрген «ұйғыр», «өзбек» деген халықтар бар. Екеуі де көшпенді өзбек пен ұйғырдың атын жамылған – сарттар. Александр Македонскийдің грек Македониясы мен қазіргі славян Македониясы сияқты. Біз де гректер сияқты халықаралық дау көтеруіміз керек.

Advertisements

Janarbek

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s