Таушыны іздеп келдік


Агванданзан жалғап естідің бе Жәке?! Болдбатар тауда құлап қайтыс болыпты. Соны іздеуге ТЖ ұйымдығынан  кісі кетіпті дейді -деді. мм қыйын болған  дедік.

Ертеңінде, Төтенше Жағдай Ұйымы жіберген кісілер таппай жатыр! -деген хабар алдық. Маған Төтенше жағдай ұйымына келуімді өтінді  бардық. 2 сағат уақытың бар, дайындал, жұмысыңды біз ыңғайлаймыз-деді. 3 сағаттан соң 3 таушы, 6 Төтенше Жағдай қызметкері жолда Бесбоғдаға қарай қайқайып бара жаттық. Бастығымыз Төтенше Жағдай ұйымына бар ғұмырын арнап келе жатқан тәжрибелі полковник Ерлан мырза.

Арал төбе Заставының офисері Еркебұлан бір қармотцикілін  және бір ізшіл итін артып жетті. Аймақтан орталық әскери штап бастығы бірнеше әскерін ертіп барды.

Біздің алдымыздағы алдымен іздеп барғандар таудың түбіне баруы, барғанмен қатты суықтан тоңып тауға шыға алмай қайтып кеткен екен. Суық 45 градустан түспей тұрды. Оның үсті үскірік аяз. Жылы киіміңді қойып суық ызғар  жансыз темір көліктіде қатырып тастап тұрды. (жаза осы араға біз 4-5 сағат жүреміз ал қыста куннің суықтығы және қардан болып 12 сағат жұрген)

Бардық, жағдайды білдік.Орналасқан жеріміз таушы құлаған Малшы тауына 20 км алыс қойшылардың күзеулік үйі екен.Біз далаға  шатыр құрсақ бізде қатып қалар едік.Қар шанғысы таушыларды таситын болып Агван екеміз мінгесіп алып едік, барды да қарға сүнгіп кетті. Содан дырылдап жатып алды. Бізді көтеріп жүру біраз қиынға соқты. Ақыры біз не болса да жаяу барып, тауды көбен көреиік, табылса әкелеміз, табылмаса анықтау барлау жасаймыз!-деп кеттік.Ішімізден 3 жас жігітті өте жылдам жүріп тауға жетіп, іздей беруін бұйырып қоя бердік.Біз арт жақтан Мотоцикл күтіп жол ортада қар үстінде қалдық.Жастар тауға жетіп шығып қарағанмен таппадық деп келді.Бәріміз түнде шұбырып  вазаға қайттық. (сол куні құны және аң жеп кетпесе екен деген мазасыз ойлар көп болды)

Ертеңінде қатты жел қарлы бұрқақ аяз күшейіп вазадан шыға алмады, оның ертеңінде техника тілін білетіндер қармотоциклін жөндеп тазалап қойды.Ауа райының жақсара қалғанын күтіп отырып таңмен шыққан іздеушілер тобын мотоцикл кезек-кезек тауға жеткізді.Таушының қызы жатқан жерін көрсетті. Мүрде  Малшын шыңының ортасын ала жатыр екен.Іздеушілер етекке түсіріп  алып келді. Қайта қаршанғысы  бәрін кезек-кезек вазаға тасып жеткізді.

«Жағдай былай орын алған Европада оқып жатқан қызы келіп тауға шығуды өтінеді.Әкесі қабыл алады, тауға шығады. Түсіп келе жатып әкесі тайып кетіп тасқа соғылып қайтыс болады. Аман қалған қызы әке мүрдесін жөндеп тасқа сұиеп кетеді де , елге хабар береді. Содан таушы мүрдесін алуға 40 астам іздеушілер 7 күн жұмсаған ең басты кедергі қатты суық, жел және жаппай жауған омбы қар.»

Іздеушілр тобын басқарған әрі өзі барып ұйымдастырған Төтенше Жағдай Орынының полковнигі Ерлан мырзаға және оның ұйымдығындағы 16 жігіттерге,Өз әріптестерім (3) таушыларға және Цэнгэл сұмындық 16  іздеушілерге,(атпен қанымдаған малышыларға) Цэнгэл сұмын басшыларына, осы іздестіруге қатысқан Баян – Өлгйи аймақтық Армия күштеріне (8 адам) және 1 полиция мен 1 анықтау орының қызметкеріне  және тілектес болған алаңдаған  барлық адамдарға рақмет айтамын. Жанарбек Ақыби.

2 thoughts on “Таушыны іздеп келдік”

  1. Енді оны өзі біледі ғой.Қалай айтыу керек екенін. Алдынғы жылы мен тағы 7 адамға қол ұшін бергемін олардың аузынанда «рақмет» естіи алғам жоқ.Негізі алланың көзі дүзу болса болды ғой адамнан рақмет естиік деп дәметпеиік

  2. Қызының өзі көзбен көре тұра жалған ақпарат беріпті, Бұл машақатты жұмысты іске асырған барлық адамдарды қосып ақпарат құралдарына дүзу рахмет айтыпта жазбапты,

Janarbek