Монголиялық қазақ шеберлері күміспен күптелген қас тасымен қасталған әшекейлі киіз үй істеп шықты


Монголияның қазақтары атадан балаға жалғасқан ағаш шеберлік өнері тағы бір сатыға көтерілді деп бағалайтындай туындымен толықты. Қ.Барбол есімді жас шебер  сан ғасырлық жалғасып келе жатқан Қазақтың киіз үйін әшекейлеп осы жолы Наурыз мейрамында орталық алаңға тігіп дүйім жұртқа тамашалатты. Ту басында киіз үйдің есігінің өзі қазақ батырының көк бөрімен байланыстыра жасаған ою есіктің өзі қас шебердің қолынан шыққан туынды екеннін бірден білдіреді екен. Киіз үйге кіріп барғаныңызда уықтарда еріксіз көзге түседі екен. Себебі әр бір уықтағы ою өз алдында  уықтарды ойып қас тасын орнатыпты.Бір уықтағы бір қас тастың өзі қытайда бағасы аспанда асқақтайтынан  бәріміз білеміз. Бұл қас таспен қасталған бұл уық үйдің сән салтанатын асыруда.  Киіз үйдің төрінде қазақтың ежелгі кебежесі, шеберіміз кебеженің бетіне өнерін аямапты. Құсбегіні ағаштан оюлап салғаны  ерекше сұлу көрінеді екен.Ал оң жақ босағада қазақтың қайқы бас төсегіде әдемі ою өрнекпен жасалған екен Барболдың анасы ісмер жан ғой қазақы толық жабдығымен тігіп жөндеп қойыпты. Ал төсек басындағы  әдемі жасаған ашағада Қазақтың кемер белбеуін жасап оны күміспен қаптап қас тасыман қастап былғары теріден жасап іліп қойған екен. Ел көріп таңдай қағып шебердің ісмеріне бас шайқасуда. Енді бұндай салтанатты үйді бұрын соңды көрмеген екем менде бас шайқап шаңыраққа қарадым. Мәссаған! Қызық шыңырақта екен. Шаңырақты айландыра жыл он екі айдағы аңдарды жасап қойыпты және шаңырақты әсемдеп оюдыда аямапты ерекше назарды аударады . Қымыз ішіңіз деген жаққа қарасам кәдімгі шағын қымыз сабаны ағаштан жасап тіпті ұстайтын тұтқасының өзін қошқардың мүйізінен істеген екен оны ұстап суреткеде түсіп жібердік. Ендігісін суреттен көріңіздер. Айтпақшы қызығып кетіп бұл үйді сатасызба деп сұрап едім -Иә  сатамыз бағасы 20,000 АҚШ доллары маңында берем дейді. Қане ағайын! Тарихта алғаш рет  бұндай сәнді ішкі толық жабдығымен жабдықталған  киіз үйді бірінші болып алғыңыз келсе қас шебер Барболдың өзіне тура хабарласыңыз. Мына телге  95427449 немесе маған хат жазыңыз, Енді суреттерді тамашалаңыз. (Үйдің толық жабдығына Киіз үйдің толық өзі және қос кебеже.Қайқы бас төсек,6 дана түскиіз,Ағашатан жасалған қымыз  сабасы,стол және орындықтар және темір тым көнеден келе жатқан тай қазан,ошақ  т/б ішкі жабдыңына кіреді).

IMG_0813 IMG_0736 IMG_0737 IMG_0758 IMG_0759 IMG_0763 IMG_0768 IMG_0779 IMG_0790 IMG_0791

Advertisements

Janarbek

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s