Керейдің тоғыз құмалағы


My beautiful picture
Мамырхан ағамен бірге 1998 жыл

Ескі салт дәстүрді жоққа шығарғыш қоғам бірде аяқ асты айнып «ескі ойынды жаңашылап қайта жандандырыңдар немесе жаңа ойын түрлерін шығарыңдар, елді қызықтырыңдар….» деген ұрандар науқаны қызып әр түрлі  бастамашыл жаңашылдықтың қызып турған кезі 1983- жылы еді. Осындай бір кезекті жиында өлке басшылары және әріптестері  елден қалмай жаңалық жасауға  Мамырханға арнайы сенім жұктеиді. Өзі еңбек қор ізденпаз.Біздің Мамыш жаңа ойындар ойлап табуға уәде беріп тастайды. Содан ізденіс жолында әр түрлі кітаптарды ақтарып жүріп монгол азаматы Намжил Доржының жазған «Көне ойын түрлері» деген кітап қолына түседі,ішін ақтарып отырып «керейдің тоғыз құмалағы » деген тақырыптағы мақаласы ерекше назарын аударады.Кітаптағы деректер бойынша Қазақтың соның ішінде керей руының тоғыз құмалағы жайлы үлкендерден сұрап, біле бастайды. Бұл ойынды бертінге дейін Монголия қазақтары ойнап келген екен.Тіпті тоғыз құмалақты әулетімен тіпті рулардың өз ішінде кең қанат жайып ойнап келіпті.Солдардың біразын атап өтсек.
Ойғыр өлкесінің Тоғызақ деген байдың аулы тоғызқұмалақты көп ойнаумен ел есінде қалған екен.Уақ рулы Шоғаның аулы-үрім бұтағымен ойнайды екен де малшылар өрісте қой жайып жүріп кезігіп ойнай береді екен. Ойнап жеңген ойыншыға 4 елтірі, екінші орынға 3 елтір ал үшінші болған ойнышыға бір не екі иленген ақ елтір сыйлық беріп келгені бізді қызықтырды. Сонымен бірге Монгол ия қазақтарында Бешең аулы атанған әулет тай-тұйағымен күй шертетін ауыл болған екен.Быйлайға жұрт «қалақшаның әулеті»- депте айта береді екен.1900 жылдардың басында-ақ бұл ауылдың жастары бір жолда 20-30 адам отыра қалып күй шертіп дүйім елді тәнті қылады екен.Осы ауылдың жастары тоғыз құмалақ ойнап келгені жайлы үлкендер Мамырханға тәпіштен айтып беріпті.
Баян-Өлгий қазақтарында тоғыз құмалақ атты жер атаулары бар екен.Сақсайдың Қаратауында және Қақ өлкесінің Нөреті деген жерде «Тоғыз құмалақ»- деген жер атты бар Сонымен бірге Ұланқұстың Білеу деген жерінде «тоғыз құмалақ» деген жер тағы бар екен.
Міне байқап отырсаңыз Монгол азаматы өз кітабында жазған «керейдің тоғыз құмалағы»атауы бекер атанбағанын,Монголия қазақтары ортасында бір кездері тоғыз құмалақ ойыны кең етек жайғаны жайлы деректер кезігеді екен.
Сонымен тоғыз құмалақ тақтасы былай деп әр-кім, әр-түрлі айтып сол бойынша өзім қолдан тоғыз құмалақ істеп зерттеп жүр едім. Бірде Қазақстанның «Білім және Еңбек» жұрналына Несіп Жұмабайдың тоғыз құмалақ жайлы мақаласы шығып келді. Қазақ елінде 1970 жылдардан бастап әр түрлі турнирлер жүріліп келе жатқанынан хабардар болдым.Сонымен өзім жиған деректермен Қазақстан баспаларындағы тоғыз құмалақ жайлы деректерді салыстыра отырып 1986 жылы өзім сабақ беретін Сақсай өлкесінде алғаш тоғыз құмалақты ашық ел көзіне көрсете тіпті сабаққа да оқушыларды қызықтырып үйрете бастадым.Оқушыларды қойып математика пән ұстазы Х .Санияз мұғалім қызығып балалармен бірге үйрене бастады.Бұл елдің тоғыз құмалаққа деген қызығушылығын тіпті оятып жіберді-ау деймін-деп өткенді еске алған еді Мамыш қарт.
Кеңес одағы кезінде Қазақ елінің қазақ тілді баспалары Монголияға келіп тұрды.1989 жылдары болу керек Қазақстанның Шалқар газеті және тағы басқа басылымдарға Тоғызқұмалақ жайлы өз мақаламды жазып поштаға салып жіберіп ем көп өтпей жарық көріп мақалам шығып келді. Іле шала пошташы Алматыдан хат келді деп хатты үйге алып келгенде кімнен екен деп асығып ашып оқуға асықтым әрі таң қалдым дейді.Сүйтсе Алматылық Несіп Жүнісбай Шалқар газетіндегі Мамырханың мақаласынан біздің Мамыш жайлы танып біліп танысуға және Алматыға халықарлық тоғыз құмалақ жарысына шақырған екен.Көп өтпей шәкірттері – Қанат,Елемес,Еркінбектерді ертіп Мамыш Алматы обылысының Күрті ауданындағы Кәрімбай Рақымбай атындағы халық аралық жарысқа қатысады.Бұл жарысқа Монголядан,Қырғыздан,Ресейдің Омбысынан және қазақ елінің түкпір түкпірінен тоғыз құмалақшылар қатысады.Қырғыздан келген тоғыз құмалақшы Өмір Досмұқанбетпен Монголиядан барған Мамырхан жиылған елге Керей тоғыз құмалақ тақта түрінде ойынды елге көрсетіп ойнауы көпті қатты қызықтырады. Жарыс соңында Мамырхан алыстан барса да 3- орын иеленіп Тоғыз құмалақ федерацияның мүшелігіне қабылданады және Қырғызстандық Шыламбайев екеуіне сол жолы Тоғыз құмалақтан халықаралық төреші куәлігі табыс етіледі.Қазақ елінен тоғыз құмалақ сайсына қатысып талайды көзбен көріп Олжалы келген Мамырхан,Ханаттар Баян-Өлгий әкімі Мизамхан Кұнтуған ұлының қабылдауында болады.Әкім Мизамхан тоғыз құмалақ ойынына ерекше қызығып бұлардан тоғыз құмалақты үйреніпті.»Ұлттық қандай бір мереке болса тоғызқұмалақтан сайыс ұйымдастырсаңдар қаржысын атқару орыны демеуші болсын»- деп уәде де беріпті және сөзінде тұрыпты. Бұдан кейін Баян-Өлгийде тоғызқұмалақ үйренушілер саны лезде қосыла бастапты. Мамырхан темірді ыстық кезінде соққаны нәтижелі екенін түсінген ұстаз Өлгий қала орталығында Тоғызқұмалақ федерациясын орнату керек екені айтып бастама көтеріп ұйымдастыруға шебер Шолтай ұстаздың ұлы Ханатты федереция бастығына бір ауыздан сайлайды Кәзбек,Мамырхан,Біләл,Елеместер мүшесі болған.Бұл федереция тоғызқұмалақ ойынын сол кезде жандандыруға өз ықпалын тигізген екен. Сонымен федереция бастығы өз төл шәкірті Ш.Ханатпен келісіп отырып әкім Мизамхан Кұнтуған сайысты қаржыландырып Наурыз мейрамында алғашқы жарысты жүргізгендерін Мамыш ата жырқып айтып еді.Ұзақ жылғы ізденіс арманның орындалуын көзбен көрудің өзі бақат емеспе?Жарыс болады деген куні Қ.Саняздың ұш доңғалақты мотоцикіліне Мамыш ата,Саняз,Елемес,Тойылбай төртеуі қыстырылып мінгесіп Өлгийге кеп жарысқа қатысқандары жыр әнгіме.Алғашқы тоғыз құмалақ жарыс жеңімпазы М.Тойылбай иеленген еді.
Шеттегі қазақ десе бауыры езіліп тұратын ұлт жанды азамат Несіп Жүнісбай 1992 жылы Қаскелеңде болатын Бауыржан Мамышұлы атындағы халықаралық турнирге тағы шақырту жіберді.
Біздің Мамыш тағы да бір топ шәкірттерін алып барады. Мамырхан,Мейрам,Биболат,Еркінбектер барып қазақтың қайсар ұлы Баукең атындағы жарыстың көркін қыздырды.Бұл жолы Биболат 3-орын иеленсе Мейрам,Еркінбектер ынталандыру сыйлығымен марапаталыпты. Осы жолы Мамырхан жайлы Ж.Несіп бауырының мақалалары газетке жарияланып Мамырханды теле арналардан көрсеткенін сол кезде Монголядағы Өлгий жұртшылығы да көріп разы болған еді.Осы жолы Мамырхан таеквондашы Мұстафа Өзтүрікпен кезігіп сырласып батыр ұл Монголиядағы қазақтарға жалынды сәлем жолдаған екен. Күміс көмей әнші Мәдина Ерелава және Ескендір Хасанғалидарды дидарласыпты .Батыр Баукеңнің инабатты келіні Зейнептің әнгімесі,ұлы қолбасшының ұлыменде дидарласыу мен ұшін бақыт еді деп толғана айытқан қарттың бұл әңгімесіне қарап Атамекен топырағына деген сағыныштың сырлы әңгімесі екенін анғарасың. Монголия қазақтарының тоғызқұмалақ өнерін алғаш жандандырушысы Мамырхан Қожахмет қария қазір жетпістің төртеуінде. Өнерлі қартпен кезіге қалсақ өткен кеткенді айтып әңгіменің талай көркін қыздырамыз..қария қазірде тың,тізесі құрғыр болмай таяққа сүиенгені болмаса…өткенің бәрін сағынышпен еске алады..
Жанарбек Ақыби
1998 жыл
Өлгий

(1998 жылы Наурызда Өлгий қазақ родясыны берген мақалам екен.)

Advertisements

Janarbek

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s