Жанарбек Ақыби;- Қарсыбай пышақгер .


 Монгол елінде қаншама жан 1937-1938 жылдары қуғын-сүргін құрбандарына айналды, атылды, итжеккенге айдалды. Әсіресе дінге қатысы бар адамдар ұсталып қырғынға ұшырағаны мәлім. “Шығыс түркістанды” азат ету майданы өз кезінде Монгол еліне де біраз мәселе болды. Осы істерге қатысы бар адамдар ұсталып, атылудан аман қалғандар құпялықты сақтап, әйтеу, тірі қалып, ұрпақ қалдыру мақсатта жұмған аузын ашпай өмірден кеткендер қаншама. Соның бірі құрман руының Мәмбет шалдың баласы – Қарсыбай.
Қарсыбай қазақтың ұмыт қалған өнерлерінің бірі пышақ сілтеу өнерін жетік білген тума талант, жауынгер азамат болған екен. Заман қанша қыйын болса да, қанша уақыт өтсе де бүгін Қарсыбайды білетіндерден там-тұмдап болса да жиған дерегімізді ұсынып отырмын.

Қарсыбай пышақгер.

Хобда қазақтарынан 11 қажы Мекеге қажылық парызын өтеуге аттанады. Бұлардан аман-есен жалғыз Әбубәкір ғана тірі қалып, қайтар жолында Шыңжаңды басып өтеді. Бұл кезде жолда қарақшылар қаптап, торушылардың көбейген кезі екен. Хажыны еліне жеткізу үшін пышақгер Қарсыбайға міндет жүктеледі.
Былай қарасаң беліндегі кіп-кішкентай пышақтан басқа ештеңесі жоқ Қарсыбай қанша адам жабылса да жарып тастар шапшаң қимылды, пышақ сілтеуді жеттік менгерген жауынгер, пышақ шеберінің өзі екен. Жол тосқандар мен аяқ асты тап берер тонаушылық жасап дәнікендердің бәрінің Қарсыбайдың пышағы сазайларын береді екен.
Қарсыбай аман-есен Әбубәкір хажыны елге жеткізеді..(Осы жолдағы Қарсыбайдың пышағына іліккендердің санын елге айтса екеуіде тірі қаламсын біледі ешкімге тіс жарымауға серттеседі) Әрі, сол кезде Монгол елінде қызмет атқарып жүрген Дәлелхан Сүгірбайұлына Шыңжаңдағы үлкендердің жасырын жолдаған хатын тапсырады. «Дәлелхан жауап жазу үшін апта бойы мені сөренің (құрт кептіретін жәйма) астына жатқызып, үстімді өлі жүнмен жауып, тығып ұстады. Хаттың жауабын Монгол үкіметіне мәлімдеген болуы керек. Ақыры, хат жауабына өзіміз кісі жібереміз, сіз қайта беріңіз деген соң қайтып кеттім» — деп бірде ашылып кеңескенде Қарсекең құпиялықты айтқан екен өлке шалдарына.

Осы Қарсыбай Монгол жағына өтіп жерсініп  үйлі баранды болады. Азын-аулақ ғана малы және мініскер жалғыз аты болса керек. Осы мініп отырған жалғыз атын қасқыр жарып кетеді. Көрші қолаңнан сұрастырса, біріншісі үлкен екіншісі кішілеу бөлтірігі болар, екі қасқырдың осы өңірде торуылдап жүргенін біледі. Қарсыекең қос қасқырдың алыстан емес, анау көрініп жатқан Мөде жотасының шығыс қапталындағы Көкадырдың шағылын мекендеп жүрген көкшолақтардың ісі екенін біледі де, түн ішінде қолына қос пышағын алып тауға кетеді. Таң рауандай бастағанда межелі жерге жетіп, қасқырлардың ұйықтайтын шағылының бас жағына келіп, дамылдап, етігін шешіп байпақпен жеңіне білектен шынтаққа дейін қайыс орап алады. Күн көзі арқан бойы шыққан кезде түнімен жортуылдан тойып келіп, міз бақпай ұйықтап жатқан қасқырларға ық жағынан дыбыс шығармай байпақшаң өте ептілікпен барып әккі пышақшы алдымен арланды содан бөлтірігін жарып өлтірген екен. Кешкісін қос қасқырдың терісін сыпырып әкеліп үйінің алдына іліп қойғанын көрген өлке жұрты неше күн шұбырып келіп тамашалаған деседі.

Кезінде ауыл-ауылда жұмыстайтын дүкендерді былайғы жұрт агент деуші еді. Осындай агентшінің бірі қазіргі 70 тегі ақсақал  Ниетханның Қарсыбай пышақгер жайлы сұрағанымызда  Тұзақ,қақпанменде,бүркітіменде аң аулай беретін әкі аңшыны біздей агентер аңдыйтынбыз себебі аң теріснің нормативін орныдауға бұл аңкөстер таптырмас мүмкіндік еді тағы бір әңгімесінде «Үкімет малдың басындағы мүйізіне дейін жоспарға беріп, жинайсыңдар деп тастады. Ал мүйізі құрғыр не жиылмайды, не ел әкеліп бермейді. Жоспарды орындамасаң сөгіс аласың. Жұмыстан да қуыласың. Бірде осылай қысылып жүргенімді Қарсыбайға айтып едім, «Оның жарасы жеңіл.Даладағы бәлен жыл болған қу мүйізді теріп әкел»-деді. Балаларды қаптатып біраз қанарды  тергіздіртіп әкелдірттім, Қарсыбай ауласындағы үлкен тай қазанға күндегі тамақтан қалған сорпаны жиып отырыпты. Соған даладан теріп келген қу мүйізді салды да ұзақ қайнатып, маған берді. Қарасам әлгі пәлен жыл далада қуарып, кеуіп қалған мүйіздер жас мүйіздей болып өң кіріп майы шығып жылпылдап тур. Қуанғанымды-ай, Қарсыбай осындай мешекер жан болған еді»- деп Қарсыбайдың бір тапқырлығы жайлы әңгімелеп беріп еді.Қарымтасына не аласың? не сұрасаңда берем -десем «аноу ағаш кесетін араңды берші»- дейді мен таң қалдым оны қайтесің бұл өлкеде кесе қояр ағашта жоқ -десем «жоқ ааа темірі мықты ғой пышақ істетіп алайын деп ем»- деиді бір емес өтпей турған екі араны қолына  ұстатып қоя бердім -деп Нитхан ақсақал өткенді еске ала әнгімесін аяқтап әдетінше оң жақ саусақтарымен сақалын салалай сипап қойды.

Жанарбек Ақыби

Бұл мақаланы басқада

Қиян ақпараттық-танымдық сайтында  http://qiyan.kz/?p=437
http://qiyan.kz/?p=437
 Моңғолия Мұсылман Ұйымдары Oдағы сайтында http://mongolianislam.mn/kz/?p=18913
http://mongolianislam.mn/kz/?p=18913
Бақ.кз сайтында    http://www.baq.kz/kk/diaspora/1101
Дүниежүзі қазақтар қауымдастық сайтында
http://qazaq-alemi.kz/more?page_id=22&id=1028

сілтемелері арқылы оқый аласыздар!

Advertisements

Janarbek

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s