Аю жетектеген алыптар


Жанарбек АҚЫБИ. Аю жетектеген алыптар

Аңшылық хикаялары

Қазақ аңшылары мен саятшылары жайлы халық арасында аңызға бергісіз әңгімелер көп. Бұндай оқиғалардың астарында ұлтымыздың байырғы таным-түйсігі, салт-дәстүрінің көріністері жататынын көбіміз аңғара бермейміз. Әрі саятшылықтың біз білмейтін, біз көрмеген қызық-шыжығы қаншама. Осы орайда қазақтың этномұрасын жиып-теріп жүрген Жанарбек Ақыбидің «Шын» ақпарат агенттігі үшін арнайы жазып жіберген Моңғолиядағы аңшы қазақтар туралы бір шоғыр әңгімесін назарларыңызға ұсынып отырмыз. Біздің сайттан көз жазбаңыз. Сонымен, алғашқы хикаят –«Шын-ақпарат»

Аю жетектеген алыптар

Aktai batirЖәнібек, Байтайлақ қатарлы батырлар қартайған кез. Сұмдайрықты өрлей қоныс алып, моңғол бетіне қарай ығыса бастаған заман. Ел басқару билігі Ақтайға қараған шақ. Ақтай інісі Бозтаймен Жауыркезең деген жерден өздеріне қарсы ұмтылып келе жатқан аюды көреді де: 

– Қайтеміз мынаны? – дегенде, Бозтай:

– Ұр қамшымен, – депті айбаттанып, иегімен моңғол ауылдары жайлап отырған дараны көрсетіп, – аналарға сыйға тірі апарайық.

Сол кезде Ақтай алға суырыла ұмтылып алтытаспа бұзау тіс қамшысымен қарсы атылған аюды бір салып ұзынынан түсіріпті. Ал, Бозтай жығылған аюға қарғып мініп, арқанмен байлап, аузына кергіш салады. Аюды бірі айдап, бірі жетелеп отырып Арал жайлауындағы отырған моңғолдың бір төресіне тартуға берген екен. Қазақтардың ерлігін көрген моңғолдар ерекше құрмет танытыпты.

Атанның өші Атаның намысы

Ақтай өзіне қараған елін жұрт қатарынан қалдырмау үшін жанын аямаған. Еш қару жұмсамай, қара күшімен-ақ талай көзсіз ерлікке барып, жат елдің мысын басып, мойындатып, жаңа жұрт, жаңа өріс алуға ұмтылып, ұлттар мен ұлыстардың тату өмір сүруіне дәнекер болған алғыр да ақылды, әрі асқан қара күш иесі болса керек.

Ел қамын ойлаған ағасын жақсы түсіне отырып, қолдап демеу болған інісі Бозтайдың да ерліктері жайлы хикаят көп. Солардың бірі 1820 жылдары Ажы төре заманындағы оқиға екен. Оның көшкенде шаңырақ артатын Көбегеннен қалған бас атанын аю жарып кетеді. Көштің негізі тірегі болған түйеден айырылуды намыс көрген Көбегеннің үш ұлы аттаның өшін алуға аюдың апанына аттанады.

Ақтай күпінің сыртынан сірі жарғақ киіп, білегіне қайыс оратқызып апанға барады. Інісі Ырысбайды ат ұстауға қалдырып, Бозтай екеуі бір-бірінің артыннан еріп тіке аюдың апанына кіреді. Аю ақырып тұра ұмтылғанда Ақтай аюмен алыса кетеді. Қалың күпі мен сіріден тырнағы бірден өте қоймапты. Бозтай да жандәрмен ұзын қанжарын аюдың тақыр қолтығынан тыға ішін жарып жібереді. Өкіріп-бақырған аюдың даусын естіген жас Ырысбай қорқып кетіп екі атты жетелеп ауылға шауыпты. Бара сала:

– Екі ағамды аю жеп қойды, – десе керек.

Атсыз жаяу қалған Ақтай мен Бозтай аюды сойып, терісін алып, кезек-кезек көтеріп ауылға терлеп-тепшіп жаяу жеткен екен.

Жанарбек АҚЫБИ

«Шын-ақпарат»

Advertisements

One thought on “Аю жетектеген алыптар”

  1. рақмет жанарбек акем айдаубай аймақтың алғашқы арыстаны 2рет қызыл қолмен қасқыр алған адам толық мәлімет жіберем өнерің өссін бауырым қазір қол тймей жатыр

Janarbek

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s