Жанарбек Ақыбиұлы:Қазақстан – шеттегі ағайының арқасүйер әрі мақтан тұтар панасы


Астана. 27-қараша. Baq.kz – Бүгінде ақпарат тасқыны ағылып келіп жатқан заманда, айшылық алыс жердегі адамзат баласы да сол ақпаратты келген мезетте-ақ оқып, көріп біліп отыр. Елдегі жылт еткен жаңалықты қалт жібермейтін шеттегі қазақтарда Елбасының Жолдауын ғаламтор арқылы оқып, тәуелсіз Қазақстанның жетістігімен олар да мақтануда. Шетте жүрсе де елдегі маңызды оқиғаларға өзінің пікірін білдіріп отыратын қандсымыздың бірі Жанарбек Ақыбиұлы. Моңғолияда жүрсе де қазақ тілінде өзінің блогын ашып, ұмыт болған салт-дәстүр, атадан мирас болып келе жатқан аңшылық дәстүрімізді жаңғыртып келе жатқан қандасымызбен сұхбаттасқан едік. Биылғы Жолдаудың маңыздылығы – Қазақстан халқын бір мақсатқа жұмылдыруға бағытталғандығы дейді.

– Жанарбек Ақыбиұлы жақында ғана Елбасымыз Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын арнағанын білесіз. Атамекеннен алыста тұрып жатқан қандасымыздың көзқарасын білсек дейміз?

– Өз басым тосыннан жасалған Жолдаудың өзіндік кезек күттірмес мәселелерге, қаншама қаурт бағдарламалардың күтіп тұрғандығын айқын көрсетті. «Қазақстан – 2050» даму стратегиясы өте алып қадам. Бұл стратегия мықты жоспарының арқасында Қазақ елі дағдарыстан сүрінбей өтіп, тіпті дүниежүзін таңқалдырып, жан-жақты табыстарға қол жеткізіп жатқанын алыстағы бізде қалт жібермей байқап қуанып отырамыз. Жолдауды бірінеше бөлімге бөліп қарасақ әлемде теңдесі жоқ істерді айтып қиялдап қана қоймай, тіке қаржы бөліп жұмыстың атқарылуын тапсыруынан-ақ өте үлкен істердің болатынын анғару қиын емес. Бұл жолдауда қазіргі сұлулығы өзіндік ерен қолтаңбасымен таңқалдырып келе жатқан Астананың тағы бір қырынан көркейгенін аңғардық. Бүгінгі Қазақстан әлемінің бет айнасы болса шеттегі ағайының пір тұтар арқа сүйер, дем берер ұлттық рухани астанасы әрі мақтан тұтар панасы. Бұл жолдаудан кейін әсем Астана тағы да адам айтса нанғысыз сәулет өнерімен көркеюі шеттегі ағайын біздің мақтанышымыз болмақ.
– Жолдауда баса айтылған Елбасымыздың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» тоқталсаңыз?

Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту бағытында ел ішіндегі жолдарды жөндеу, жаңа жол салудан тысқары қазақ елін құрлықаралық нарыққа шығару мақсаттында жолдардың негізін қалыптастыру. Бұл істе қаншама жұмыс орының саны артады, бұл жолдармен болашақта қазақ елінің өндірісінен шыққан төл заттары Еуропа нарығына шықса Ал Еуропадан келетін стандартты тауарын айтпағанның өзінде әлемнің қарапайым жұрты туризм бағытында қазақ еліне ағылудың мүмкіндіктері болатыны қуантады. Нұрлы жол бағдарламасы Алтай мен Атыраудың арасына заманауи жол салуды бұл жолғы бағдарламаға қамтылуы сөзіміздің дәлелі болмақ. Бұл жолдар әлемдік әртүрлі байланыс жүйелеріне белсене араласуға мүмкіндік туғызуда.

– Бұл жолдаудан шеттегі ағайын не күтеді?

Меніңше, әр қазақты қыруар жұмыс күтіп тұр. Енді бас айналдырар жалаңдаған жалған ұран «не бересің, не әкелдің» деген жалаң сөз емес «кел бірігіп жұмыс істейік»- деген идеяға ауысу керек шығар. Келелі істің басы қасында болғысы келген әр қазақ Атамекенге «Нұрлы жол» мен ағылатын болады деп ойлаймын. Еуропа мен Араб елінде жұмыссыздық қатты белең алып келеді. Бұның да салқыны Қазақ елінде болмай қоймайды деп есептеймін. Қазақ еліне оралар әрбір ағайын саналы біліммен білек сыбана өзі қалаған жұмыстарға кірістіру керек. Ел үшін толағай нәтижесін шығару қажет.Бұл Елбасының Жолдауындағы қыруар жұмыстарға да оралмандар тартылады деген сенімдемін. Сондықтан, тәуелсіз Қазақстанның тағы бір қуатты рухы артып ерен істермен тарихи дәуірі басталды деуге болады.

– Елбасы өзінің Жолдауында келер жылы Конституциямызға және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жылдығын салтанатты түрде атап өтетінін айтты. Сондай-ақ Қазақ Хандығының 550 жылдығы да тойланатыны атап өтілді. Бұл жайлы сіздің пікіріңіз?

– Елбасының осы Жолдауда айтылған өте ауқымды жұмыстары мықты бағдарламаларға қарап Қазақстандық даму үлгісін әлемдік озық үлгі деп бағалаймын. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында Ұлттық мемлекеттілігіміздің іргесі қаланғанынына 550 жыл болатыны тайға таңба басқандай айқындады. Бұл той Қазақстанның қонақжайлылығын, сән салтанатын әлемнің төрт бұрышына түгел мәшһүрлейтін игі іс болмақ. Ұлы тойды 550 жылдық деп нақ басып айтуы бұл 550 жыл бойы қазіргі жер бетіндегі өзін қазақпын дейтін барлық қазақтың, әрбірінің 550 жылдан бергі ата бабасынан өзіне дейінгі барлығының үлесі бар. Бұл той жеке ру, көсем, тайпа, жеке рудың хандығы емес күллі қазақтың тойы. Бұл той қазақтың жұмыла біріге алатынан дәлелдейтін той. Бұл күнді нақты белгілеп берген берекешіл Елбасының алғырлығын шеттегі бізде шын жүрегімізбен түсініп шексіз ризашылық сезіммен қуанып отырмыз. Сонымен бірге Халықтар достығы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы да тойланатынын Жолдауда айтылды. Тұнғыш президентіміздің халықтар достығын дәріптейтінін біз жақсы білеміз, біле білсек бұның өзі шеттегі қазақтың қамы. Міне бұның бәрін жан жақты болашақты қамтыған ұлы мерке Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығымен шын жүрегімізбен құттықтауға асықпыз. Қазақ мемлекетін әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жолындағы іргесі берік етер, шаңырағын биік етер істермен нық алға ұмтылған қадамдарымен құттықтаймын. Еліміз алға баса берсін. Біз алыстағы ағайын қашан да қолдауға дайынбыз.
– Сұхбатыңызға рахмет.

http://baq.kz/kk/diaspora/1190

Advertisements

Janarbek

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s