«ЕЛДІК РУХЫ» (Қазақ Хандығының 550 жылдығына тарту)


«ЕЛДІК РУХЫ»

https://youtu.be/Rj-zjPqOQMg

Қазақстанның Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев – 2015 жылы
«Қазақ Хандығының 550 жылдығын»
салтанатты түрде атап өтуді ұсынды.

 

Моңғолия қазақтарының «Қазақ Хандығының 550
жылдығына тарту жасау» жобасын,
дүниежүзіндегі барлық қандастар қолдап,
бір жыл бойы 600 тауға шығып жобаны сәтті аяқтады.
Хандық 550жыл 550 Тау
https://www.facebook.com/groups/15633…

«ЕЛДІК РУХЫ»

СӨЗІ: Айсулу Қасымбек
ӘНІ : Жанарбек Ақыби

Кең далам – сан ұрпақты тербеген бесік,
Күн күліп, еркелеткен самалы есіп.
Халықты хан басқарған елмен кеңесіп,
Тағдырдың сан түйінін бірлікпен шешіп.

Жәнібек, Керей құрған іргелі ордам,
Есім мен Қасым ханнан тағылым, жол бар.
Әз Тәуке, Абылай хан – заңғар тау тұлға,
Ұранды ұрпақ – қыран қанатын қомдар.

Қайырмасы:
Елдіктің туын тіккен қазақ хандығы,
Бес жүз елу жыл өткен, азат таң бүгін.
Биік асқар таулардан әнін шырқаған
Тыңда, әлем, қайсар ел – қазақтар үнін!

Байлығым – дархан далам, тұрғанда тауым.
Қыранмын, зеңгір көктен өр үн қатамын.
Асқар тау – тарих куә, қатпар шежіре,
Шыңынан шаттанып жыр шырқатамын!

Қайырмасы:
Елдіктің туын тіккен қазақ хандығы,
Бес жүз елу жыл өткен, азат таң бүгін.
Биік асқар таулардан әнін шырқаған
Тыңда, әлем, қайсар ел – қазақтар үнін!

Хандық 550жыл 550 Тау
https://www.facebook.com/groups/15633…

Advertisements

Janarbek

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s