Жанарбек Ақыби: Құл мен күңде қадір болушы ма еді, қарағым?..


 

_dsc0880

 

«Қытайдан келер қалталы күйеулер дауы һәм оны жарнамалайтын агентікке тіркеліп жатқан қазақ қыздары» жайлы қоғамды дүрбелеңге салған дау әлі тыншымай тұр. Соған байланысты Моңғолияда тұратын тәуелсіз журналист, этнограф, алпинист Жанарбек Ақыбимен сұхбат өткізген едік.

 

 

– Қазір қазақ қоғамында «қытай қалталыларының қазақ қыздарына құда түсіп келе жатқаны» жайлы дау талқыланып жатқанын естіп, біліп отырған шығарсыз. Осы төңіректе біраз әңгіме өрбітсек. Сіздің ойыңызша «сатылған» қыздың қадыры бола ма?

– Бұл дегеніңіз көзіңді бақырайтып қойып, қызыңды мәдениетті түрде құлдыққа сатып алу ғой. Сатылған қыздың не қадірі болушы еді, бауырым?! Басында, әрине, бірнеше балалы болғанша адами қадыры болар, салты басқа дінсіз елде бара-бара итқорлық тірліктің басталатыны айтпаса да түсінікті.

Айналайын, Қазақ қызы, қатты айтты деп кейіме!

Себебі, сен сатылып бардың, сенің құның, адами құндылық, сезім, сүйіспеншілікпен емес, сенің құның мен жаның бірнеше бума қағаз ақшамен өлшенеді. Оның құмарын ғана қандарушы меншік малы немесе жанды затысың… Қалаған кезде пайдаланып, қаламаса лақтыра салады. Әрине, сені босқа лақтыра салмайды, лақтырғанның өзінде келесі сатылы қызметке көшесің. Себебі, сен сатылған күңсің. Уақыт өте біртіндеп құлдыққа көшесің! жалақысыз күтуші, тазалықшы т.б. қызмет төңірегінде жұмысың басталады. Ол кезде өз құқығыңды қорғайтын ешкім болмайды. Өйіткені, сені қазақ қоғамы сатып жіберген. Құл мен күңде қадір болушы ма еді, қарағым?..

– Бұл жағдай шынымен жалғасын тауып, өз жұмысын бастап кетсе, соңы қалай болмақ?

– Мұның арты тым аур өкінішке соқтырары хақ. Жәй өкініш емес, ұлттық трагедияға! Өзімізше «дамыған, өркениетті заманда» өмір сүріп отырмыз ғой. Қоғамның тірегі ақша, ақшаны ойлаған қыздардың басқа ұлтқа тұрмысқа шығуы – былай қарасаң қалыпты құбылыс сияқты болып көрінеді. Сезім, сүйіспеншілік емес, бірден ақшалы күйеу іздеген соң, ондай күйеудің ұлтына да, тегіне де, жасына да қарамайды. Қаусаған шал да, ауру мүгедек те сол қыздар үшін «күйеу» бола береді.

– Сатылып барған соң картаяды, ажалы жетіп бақилық болады. Сол кезде өкініп, елге қайта орала ма?

– Мен жақсы білемін, қытайда жер тар болған соң өлген адамды жерлемейді, өртеп күлін далаға, тауға, теңізге шашып немесе діни салты бойыншы ит-құсқа мүрдесін бөлшектеп сойып беріп, жем қылып жоғалтады. Тіпті болмаса, етін қара базарларға мал еті ретінде сатып жіберуі де ғажап емес. Сатып алған күйеуі шашқан шығынын, ақшасын қайтарып алу үшін ішкі ағзаларын бөлшектеп, сатып жіберсе де ешкім қой дей алмайды.

 

Бұл әңгімелер – ешбір қоспасыз ақпараттан күнде көріп жүрген, ел білетін жағдай. Егер мұның бәрінен құтылып, қайтып еліне ілуде біреуі жетсе, олар есесін сатып алған құлынан емес, өзін сатқызған Қазақ қоғамынан алуы мүмкін. Террордың, бүліктің әкесі сол кезде болады. Қоғам тыныш болсын десе, қандай шара қолданса да мұның алдын алғын дұрыс!

– Бұл жәйттің шеттегі ағайынға әсері қалай болады?

– Бұл әңгіме кеңінен тарап, шынымен қолданысқа енсе, Қазақ Еліне қарап бет түзейтін шеттегі ағайынның қыздарына да басқа ұлттың көзі түсе бастайды. Оларға айтатын уәжі – «Қазақстан қызын сатып жатқанда, саған не жоқ», деп аузын жабады. Қаншама ғасыр қызын өзгеге бермей, қазақтың салты мен тілін сақтап жүрген оларға тым ауыр тиеді. Жұтылу, сіңу процесі ол жақтарда да жылдам жүретін болады.

– Жалпы, қоғамда қыздың құны қалай бағалануы керек?

– Мысал үшін айтайын, бір қыздың туғанынан бастап, тұрмысқа шыққанына дейін ата-анасы мен мемлекет оны бақшада тәрбиелейді, мектепте оқытады, одан әрі университетте білімін жетілдіреді. Осы кезге дейін үй-күйін, ішер асын тауып берді, ұстаздарды жалдады, бәрінің ақшасын үкімет пен ата-анасы төледі делік. Сол қызды 18-30 жасқа жеткенге дейін қоғам қаншама адам еңбегін, қаншама қаржы шығын етті. Соған қарамай өзін өсірген елін, ата-анасын, жақындарын тастап, басқа елге кетсе, әрине, оны бұл елдің «ұлт сатқыны» ретінде жек көрінішпен қабылдау қателік емес дер едім… Ол елін сатып, басқа ұлтқа құлдыққа кеткенше, неге өз елінде бір қазаққа екінші әйел болып тимейді? Бұл қоғам ондай адамдарды қалай айыптаса да, тіпті, заңсыз жазаласа да әділетті. Өйіткені, сатқын қыздың құны көк тиын.

Жалпы айтқанда, қазақ қызының бағасы – ешқандай байлықпен, алтынмен өлшенбейді. Қазақ қызы – ұлттың ары, ертеңі! Ертеңін сатқан ұлт – бүгін-ақ жойылады!

– Бұрынғы бабалар осындай дауды қалай шешкен?

– Бұрынғы қазақтың салты мықты. Ол кезде қоғамда ескерусіз жәйт қалған емес. Бұрынғы қазақтар «жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған». Қаншама ғасырлар бойы көшпенді тірлік кешіп, жаумен жағаласып жүрсе де жетімі мен жесірін қаңғытпай, бауырына қазан асып, басына үй көтіріп, адам қатарына қосып отырған. Аға не бауыры өлсе, оның әйелін, балаларын шулатып-шұбыртып жібермей сол аулдағы аға-інісі, олар жоқ болса жақын туысына қосып отырған. Өз елінен күйеу таппай, басқа елге телміріп отырған қыздардың сол жесірлерден айырмасы жоқ-ау. Бұларды шет қақпай, ел болып күйеу табу жолдарын қарастыру керек! Бүгінгі әлем елдері жасап жатқан жобаларды неге қолға алмасқа?

– Мұны тоқтатып, алдын алу үшін не істеу керек деп ойласыз?

– Әрине, дамыған елдердің әдіс-тәсілін Қазақ Елінің де жетілдіре қолдануға шамасы жетеді. Қазір, қоғамда көп айтылып, жазылып жүрген тоқал алуды заң жүзінде іске асыру керек. Тоқал алғысы келген азаматтарға үкімет квота бөліп, қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету қажет. Сосын олардан туған бала санына қарай үкімет жалғасты қамқорлық жасай берсе, мынау иен жатқан байтақ дала аз жылда қазаққа толмас па еді?

Қазақ Еліндегі екінші бір мәселе – ажырасқан жұптардың тым көбейіп кетуі. Солардың кесірінен қоғамда түрлі келеңсіздіктер пайда болып, маскүнем, нашақор, жезөкше, қызтеке деген сияқты бұзылған буын пайда болды. Ата-ана тәрбиесін көрмей өскен олар олар мемлекетке артық салмақ түсіруде. Сол үшін үкімет ажырасқандарға салық төлететін заң қабылдасын. Ұзақ жылдар бойы тату-тәтті, 20 жылдан әрі қарай бірге тұрған отбасыларды ынталандыру, қоғамда дәріптеу жұмысын қолға алсын!

Міне, осындай іс-шараларға күш берсе, басынан аяғына дейін алтынмен қаптаса да қазақ қызы ешбір ұлтқа кетпес еді. Қазақ Елі тіпті де дамып, нығая түсер еді. Басқа елдің қызы Қазақ жігітіне, қазақтың ақшасына қызығар еді.

Мемлекет өз адамдары үшін қызмет жасамаса, өзге топтар Қазақ Елін ыдырату үшін түрлі сұмпайы қадамдар жасай бастайды. Бұл қоғамның әлсіз тұсы. «Өзіңнен өзіңді аясаң, елге жем болатынның» кебі болғалы тұр. Ұзын сөздің қысқасы, бұл шу ел ішінен жар таппаған қыздардың басқа елден күйеу іздеуге ынталы екенін де байқатты. Ал бұл іске қазақ ұлты наразы екенін де білдіртті. Үкімет елдің тыныштығын ойласа бұған арнайы қаржы бөліп, жаңа жобалар жасап, ұлттың болашағын ретке келтіру қажет-ақ.

 

Advertisements

2 thoughts on “Жанарбек Ақыби: Құл мен күңде қадір болушы ма еді, қарағым?..”

Janarbek

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s