Жанарбек Ақыби: Бұл мерекенің аты – «Наурыз» емес, «Нәрлі уыз»


Жанарбек Ақыби: Бұл мерекенің аты – «Наурыз» емес, «Нәрлі уыз»ЭКСКЛЮЗИВ 

Ғаламға шуағын шашып, дүниені жылулық пен жаңалыққа бастаған Ұлыстың ұлы күніне орай Моңғолияда тұратын қандасымыз, этнограф, тау спортының шебері Жанарбек Ақыбимен сұхбаттасқан едік.

Күллі түркі әлемі асыға күтетін «Әз наурыздың» шығу тарихы туралы аңыздар көп. Сэлэнгэ мен Орхонсу бойында туып-өскен сіздің бұл жайында айтарыңыз қалай?

Әу бастан «Наурыз» атауына келсек, қазақ даласындағы көнеден бізге жеткен таңба белгілерде бабалардың жер жыртып жүргенін көрмейміз, есесіне төрт түлік мал суреті молынан кезігеді. Қазақ малының өрісі мен жылқысының тұяғы тиген жердің барлығы иемденген. Бабалар ұрпаққа қаншама жерді, не бір қасірет тағдырды басынан кеше қорғап жеткізді. Ежелгі бабаларымыздың негізі кәсібі мал бағып өмір сүрген халық. Ауа райының құбылысын далада мал баққан дала философтары – малшы қауым жетік меңгерген.

Жазғытұрым «жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін» көктемнің көкөзек шағы. Жаңа туған төлдер енесінен сүт ембейді, нәрлі уыз емеді. Міне, наурыз аты қайда жатыр. Мал төлдер айы, «Нәрлі уыз» айы сол айдың атауы болып аталған, бара-бара қазақтың өзінен шыққан атау құндылықты басқаға тели салатын ғадетке мықтап бой ұрғызды. Наурыз атауын қабылдап кеттік. Жылдың басы Наурыз болса, 1 айдың 1-і наурыз күнінің бірінші күні жыл басы, жылдың екінші күні наурыздың екісі болмаушы ма еді?

Бұдан басқа ай атауларында жергілікті тәбиғатқа қабыспайтын айлар бар. Мысалы, бітіктастарға қашалған көне түркі жазуларына негіздліп айтар болсам, 12-інші айды «желтоқсан» деп жүрміз, аты айтып турғандай жел соғатын тоқсан айы. Бірақ жел 4-5 айларда соғады, 12-інші айда жел соққанын көрген емеспін. Бұл ай – жел соқпайды, ызғарлы суық ай ғой. Оның үстіне қазіргі, қолданыстағы жаңа жылымыз қыс айын ортасына бөліп тойлатып жүрміз. Бұл да қазақтың жан дүниесіне қабыспайды.

Қазақ жеріндегі қазба байлық таусылады, жер үлкен, әлемге Қазақ елі малдың өнімін және ауыл шаруашылық түсімін экспортайттын заман келеді, сол кезде Қазаққа табиғатпен үндескен аты да, заты да қабысқан Күн тізбе керек. Сондықтан қазіргі ай атауларын тәбиғатпен ұндестіре қайта бір қарап көргені дұрыс.

Тіпті, апта атаулары парсы тілінде сенбіге мына жалғаулар – «дүй, сәр, бей» жалғай берген неге біз түсінікті өз тілімзе апта атауларын қалыптастырмасқа?! Қазақ тілін де, тарихын да қалыптастыру үстіндеміз, қазақтың жан дүниесін сәйкес апта атауларымен атағанымз жөн. Қазақтың байырғы календрін айтқанда, алғашқы астаронам Фарабидай ғалым біздің даладан шыққан деп жазамыз, қазір де, Түркі текті халықтар ішінен Аспанға неше қайтара косманавтарды ұшырып жатқан Қазақтар – бізбіз. Күн тізбе жайлы көнеде жаңада түсінік тәжіирибеміз өте мол. Енді сүйте тұра қолданыстағы ресми календрімізде бір бөлек, халық бір бөлек жаңа жылды тойлатады біріне-бірі қабыспайды, Енді апта атауы басқа елдің, ұлттың тілімен аталады. ­Әлемде қатып қалған қағида жоқ, Қазақ елі бәрін жаңашалаумен ерекшеленеді, жаңа мемелекет, жаңа Астана, жаңа жол т.б, бәрін жаңалап келеміз, енді күн тізбегіне де бір өзгерістер енгізетін уақыт келді деп ойламын. Әлемге қалыптасқан қәзірігі күн тізбегіне тимейік, бірақ, қосымша ұлттық күн тізбемезді жөндеп, реттеп қойсақ та тақиямыз тары болмас еді.

Наурыз мерекесі – қазақтың тарихи жадын жаңғыртуға, жас буын ұрпақтың санасына ұлттық тіндерді сіңіруге қаншалықты қауқалы деп ойлайсыз?

Егемендік алысымен шеттегі де, іштегі де қазақтың рухын көтеруге Наурыз мейрамының рөлі ерекше болды. Наурыз келгенде шат-шадыман күй кешіп бар пейілдерімен тойлату құлашын кең жая, етек алып барады. 27 жылда Наурыз қазақы рухымызды, салт-дәстүрімізді, киімімізді, ас тағамымызды және ұлттық спортымызды жаңғырту, дәріптеу идеясы қабат жүрілді. Наурыз мейрамында бастау алған ұлтық спорттар жеке-жеке қауымдастықтары орнап Ұлттық спорттарымыз әлемдік дәрежеге қарай қадам басуда.

Наурыз мейрамы осы қалпы өз құндылығын жоғалтпай енді, ел-елдегі Түркі халықтарының басын қосатын идеиялы іс-шараларға айлану керек. Наурызды мемлекетшіл иедяға бағыттап, ұлтық құндылықтың көтеру, өлке, орта тазалығы, тәбиғатты аялау бәрін сабақтастыра жандандыра құбылтып, әрқилы бағдарламалар жанданып отыру керек.

Шығыс Азияны дүр сілкінтіп, Еуропаға көктей өткен көшпелілердің бұл мұрасын ирандықтардың «Жаңа күн» деген сөзімен байлагысуына не себеп деп ойлайсыз?

Үш түрлі себеп бар, Бірінші: ирандықтардың біздің жыл санауымыздан бұрын Қазақ даласының батысынан кеткен тайпа екені тарихта нақтылануда. Кезінде оларда отқа сыйынып, қой баққан, басында аңшы болса, соңында егін егіп қала салып үлкен мемлекет құрды. Қазақ мәдениетін олар осыдан 3 мың жылдың алдында Қазақ даласынан алып кетті.

Екінші: Азия даласынан шыққан не бір жауынгер тайпалар әр заманда ирандықтарды шауып, басып алып отырған. Ол жақта ұмытылып бара жатқан түркі мәдениеті әлсін-әлсін толықтырылып отырған. Мысалы, қазақ даласының батысында патшалық құрған Тұмар патшайым мен парсы патшасы Кирдің соғысы. Содан кейін парсыларды басып алып, билік құрған Көне Түркілер, Оғыздер. Тіпті Шыңғысхан әскері де Ирандықтарды талқандағанын білеміз. Ақсақ Темірдің әскері де Ирандықтарды жаулап алған. Шынғысханның шапқыншылығынан кейін қазақ даласында тауы мен тасында не бір Моңғолша есімдері қалғаны сияқты, Иранда біздің түркі мәдениеті өшпестей орнығып жатуы мәдениеттердің осылай әр түрлі себеппен алмасып жатуы да сол жақта қалып қойып жатқан қанымыз бір түркілердің ықпалының әсері жоқ емес.

Моңғол даласы. Сурет: voxpopuli.kz

Ұшінші: Тіпті, сонау ислам діні Араб даласына түсерден 2000 мың жыл бұрын Қазақ даласында батысында Заратуштра пайғамбар пайда болып, отқа табынатын Заратуштра дінін қалыптастырды. Қазақтардың арғы ата-бабасы саналатын Сақтар ол заманда Тәңір дініне табынатын. Бабаларымыз жас дін – Заратуштраны қысымға алды, ол қашып Иранға барды, Заратуштра ол жақта күшейіп кемелденіп қайта келіп, Қазақ даласына кең қанат жайды.

2000 жылдан соң Заратуштра дінін қазақ даласынан ислам діні ығыстырып шығарды. Ислам дінін уағыздауға қаншама ирандықтар қазақ даласына келді. Парсы тілімен Қазақ тілінің араласуы және кезіндегі Заратуштра діні арқылы Ирандықтардың Түркілерімен мызғымас байланысы осылай алмасты. Наурыз мейрамы, көне бабалардың отқа май құюы, жұлдыздық, күн календрлерінің шығу тегі де қазақ даласыннан шыққан ежелгі мәдениетіміз. Міне, Наурыз мейрамының Иранда да тойланатыны осыдан. Қазақ мәдениетнің ұшқыны ирандықтардың бойында табыла беретін себептері де осылай, өте көп.

Сол заманда Заратуштра діні сіздер жақ Алтайға да жеткен бе? Ол туралы ойыңыз қалай?

Заратуштра дінінің кеңею ауқымы Азияға тараған. Оны қазіргі Ресеи жерінде, Моңғол даласында, Алтай тауларында да архиогоялық қазбадан табылап жатыр.

Шығыу тегі Қазақ жеріне шықса да ирандықтар дәріптеді дейтін осы Заратуштра дінінен қалған белгі болу да әбден мүмкін. Қазақтың Керей руының таңбасы (+) күні бүгін (+ ) «Керей таңба» деп аталады. Осы Керейлерде өлген адамның орнына шырақ жағып, отқа май құю дәстүрі әлі кезігеді.

Еуропаның, Ресей тарихшылары керейдің (+) таңбасына бола керейдің Уаң ханы християн діні қабылдаған деп жазды. Қазақстанда орыстардың қармағында болғанда, орыстар ықпалымен християнды қабылдағандар болған шығар. Бірақ арабтардың ықпалы аз шеттегі қазақ буддизм дінімен қатар жүрсе де іштерінде бірде-бір қазақ християнға өтпеген. Қазір де ат тонын ала қашады. Сонда Шынғысхан заманына дейін үлкен хандық құрған (+, Х) таңба ежелгі сақ бабаларымыз заманынан қалған немесе сол замандағы Заратуштра дінен қалған таңба болуы әбден мұмкін. Еш бір християнға қатысы жоқ Заратуштра – қазақ даласында жанданып жатқанда християн дінінің пайда болуынан 1500 жыл бұрынғы дін. Меніңше, «Керей таңба» осы Заратуштрадан қалған белгі-ау деп тұспалдаймын, басқа да белгілері көп.

Жәдігер дегеннен шығады, неге Моңғол даласындағыдай Қазақ даласында көне бабалардың бітіктас және тағы басқа деректері аздау?

Жердің кіндігін жамбасына басып жатқан Қазақ даласына көз алартып соғыспаған ел жоқ. Осы ирандықтар, қытайлар, моңғолдар, жоңғарлар, ұйғырлар, қырғыздар, ең соңында соғыстан қалжыраған қазақтар ұзақ уақыт орыстардың боданында болды. Бұның сыртында християн мен ислам дінін уағыздаушылар қазақ даласындағы сан мыңдаған тарихты құртып, бүлдіріп өз діндерін қалыптастыру жолында Қазақ даласының бетіндегі мәдениет деректерінің күлін көкке ұшырды.

Олардан қалған көне жәдігерді орыстар сыпырып Ресейге алып кетті. Ашаршылықта қаншама адам қырылды, көне жазба кітапты қойып, бас амандығы қайғы болды. Осы ашаршылықтан қаншама адам малын айдап шекара асып кетті. Олардың артынан ере қуып қызыл мизам қаншамасын көмусіз қалдырды. Міне, Қазақ жерінен біздің көне тарихқа қатысты жайлы жазба, не тас бітіктер Моңғол даласына қарағанда аз кезігетінінің басты себептер осы.

Егемендік алған 26 жылда Ұлы даланы жамбасына басып жатқан ұлы Қазақ Елінің көне мәдениетін қайта сергіту үшін жан-жақтан деректер жинап архиологтар және ғалымдар нәтижелі еңбек істеп жатыр. Тарихымыз әлі-ақ түгенделіп толықтырыла жазылады. Озбырлар тарихқа қиянат жасап қазақ даласындағы көзге көрінетін құндылықтарды құртса да, жер астындағы мола қабірлер өте көп дерек беруде. Мысалы, Есіктен табылған Алтын адам қаншама рухымызды көтерді, Қазақтың даласының шар тарапына алтын адамдар әлі де табылуда, алғаш жылқы қазақ даласында үйретілген деген деректер де табылды. Талас өңіріне шығып жатқан көне түркі бітік жазу бәрі-бәрі соңғы кезде нақты дәлемне табылып жатқан тарих – біздің құндылығымыз. Әлі ашылмай жатқаны қаншама?!

Қазіргі әлем елдері тойлайтын жаңа жылдағы шырша – көне түркілердің наурыз мерекесін тойлаудан қалған салт дейтін деректер бар. «Наурыз шыршасы» жайлы айта отырсаңыз.

Өз басым бұндай деректі оқымаппын және Еуропа мен Азияның кіндігі болған Қазақ даласында не бір ұлы мәдениеттің болғанын еш жоққа шығармаймын.

Ал, 14 наурыз күні Қазақ Елінде, әсіресе, батыс облыстарында «Көрісу күні» деген амал бар. Өлгий қазақтарында немесе Моңғолияда ол дәстүр бар ма?

Наурыздың алдында Моңғолда да, мұндағы қазақтар салтында да ондай арнайы көрісу мерекесі жоқ. Қазақстанның батыс облыстарында «Көрісу күні» деп тойланып жүрген бұл мерекені Моңғолдың ұлттық жаңа жылы делінетін «Цагаан сарға» теңеп, байланыстыра жаза бастағынын байқап жүрмін. Бұл – мүлдем теріс ұғым. Біздің науырызға ұқсас жыл басы «Цагаан сар» мерекесі 2-айдың басы, не ортасы немесе соңына келеді. Әр жылы әр түрлі Моңғолдардың ұлттық күн тізбесінде біздегідей 100 жылды бір ғасыр демейді, 60 жылды бір ғасыр дейді. Бұл календрді қытайлар біздің жыл санауымыздан бұрын 2000 жылдан бері қолданып келеді, Моңғолдар 1076 жылдан бері пайдаланып келеді. Қытайларда кезінде, Ғұндардың қаншама мәдениетін өздеріне сіңірді, егін еккен отырықшы ел жазуға да бейім болып көп тарихымыз солардың шежіресінде жазылған екен.

Моңғолдар Ғұн дәуірінен бастап өздерін бізден бөлінген түбі бір көшпенді халықпыз. Олардың да негізі тірлігі мал шаруашылығы болған соң күн мен түннің теңелген күнді жаңа жыл деп тойлатады. Барлық рәсімдері қазақтардың жан дүиесіне жақын. Моңғол календріндегі Буддизм дінінің ықпалынан кірген барлық діни рәсімді алып тастап қарсаңыз, сол көне түркілік календрінен айырмасы жоқ.

Бай-өлке қазақтары наурыз мерекесін қалай тойлайды?

Моңғол елі Қазақстандағыдай коминистердің қызыл кезең дәуірді басынан кешірді. Қазақстанда ұлттық дәстүр мен дінге қалай тыйым салынса, партия тарапынан моңғол мен Моңғолиядағы қазақтың барлық дәстүрлері ескінің қалдығы ретінде қатаң шектеді. Соның бірі бізге Наурыз тойлауға мүмкіндіктің берілмеуі еді. Дей тұрғанмен, Моңғолия қазақтарында тау-таста мал бағып мекен ететін қыңыр мінезді қариялар өлкеісінде жасырын құран оқыса, партияға жан тәнімен берілмеген, жағымпаздығы жоқ жандар бір-біріне сеніп, бас қосқанда, той-томалақты атап өткенде қазақы салт-дәстүрдің ырымын жасап, ұрпақ санасына құйып отырды. Бәлкім осының нәтижесі болар, 1990 жылы Моңғол елі егеменді ел болып, ел көлемінде кеңестік биліктің тікенек торы жиылысымен-ақ қазақтың салт-дәстүрі лезде жанданып шыға келді. Наурыз мейрамын халық тек 1987 жылдан бастап әр өлкеде ақсақалдар атап өте бастаса, ресми түрде 1990 жылдан бастап Баян-Өлгий аймақ басшылары қолдап, арнайы іс шара ұйымдастырып, 27 жылдан бері тойланып келеді.

Моңғол елінде қазақтар көп шоғырланған өлке – Баян-Өлгей аймағында Наурыз былай тойланып жүр: Наурыздың 20-21 күндері қазақша күрес және қазақтың ат спорт ойындары өтіп, жеңімпаздар анықталады. Ат ойындарынан көкпар, қыз қуу, теңге ілу және аламан бәйге жарыстары болады. Сонымен қатар ақындар айтысы, тоғыз құмалақ сынды ойндарды арнайы ұйымдастырып жүргізіледі.

Баян-Өлгийден тысқары ел астанасы Ұланбатыр қаласында соңғы 10 жыл ұздіксіз Наурызға арналған мерекелік ұлкен іс -шара ұйымдастырылуда. Соңғы жылдары Наурызға орай ұймдастырылған шараларға Моңғолия президенті де қатысып, Ұланбатырда оқып жатқан өнерлі қазақ студентері мен Баян-Өлгийден арнайы келген өнер адамдары дайындаған мерекелік концертті арнайы келіп тамашалайды. Респуликалық барлық телеарналар 22 наурыз күні қазақ тілінде ән-күй таратып, Наурыз жайлы ақпаратар таратады. Ұланбатырға Баян-Өлгийден арнайы қазақы қолөнер шеберлерінің бұймдырын апарып, сату, дәртіптеу, насихаттау сында мәдени іс шаралар да Наурыздан қалыс қалмайды.

22 күні Баян-Өлгей аймағының орталық алаңында аймақ әкімшілігінің жоспарына сай, барлық үкіметтік ұйымдар киіз үй тігіп, келген халыққа дастархан жаяды, наурыз көжелерін ұсынады. Әрбір киіз үйде қазақ ұлтының салтын насихаттайтын қойылым қойылады. Бірі тұсаукесер өткізсе, бір келін түсіріп, енді бірі сүндет тойын жасап жатады. Қолөнер шеберлері өздері істеген бұйымдарынан көрме ұйымдастырса, қалған мемлекеттік ұйымдар Моңғолия қазақтарының салт-дәстүрін көрсететін және тарихи дәуірінен көрініс беретін шеру ұйымдастырады. Шеруді Баян-Өлгий бүркітшілері бастап жүреді немесе көшпенділер тірлігін сомдаған түйелі көште шерудің сәнін береді. Ат мінген қыз жігіттер, көкпаршылар да арнайы шеруге қатысады. Сосын мемелкетік ұймдықтар мектеп оқуышлары ұлтық киіммен шерудің сәнін келтіріп жүріп өтеді. Шеруде қазақтың барлық мезгілдегі киімдері және әр дәуіріндегі Моңғолия қазағының жасампаздық істері көз алдыңызда болады. Шерудің басты талбы міндетті түрде, қазақтың ұлттық киімін киюі қажет.

22 наурыз күні таңғы 9 да орталық алаңға 15-20-дан астам киіз үйлер тігіліп, алаңға келген халыққа наурыз көже таратылады. Бай-Өлке басшылары ел алдында құттықтау сөз сөйлесе, бұл күні Баян-Өлгийден 1700 км алыс астанамыз Ұланбатырдан Қазақ халқының төл мерекесі Наурыз мейрамымен арнайы құттықтағай келген Үкіметтің ресми өкілдері халыққа мерекелік құттықтау сөз сөйлейді.

Сонымен, 22 күні таңғы 10:00 де құттықтау сөздер бітісімен мерекелік шеру басталады. Бұл күні мемлекеттік ұйымдар жыл 12 айдың мүсінін жасап, әр бір ұйымдықтан бір адам қалмай шеруге қатысу міндеттеледі. Бұл күні Баян-Өлгий халқы жаппай, тек ұлтық киім киюі міндетті.
Ел билігін ұстаған басшылардан бастап үйдегі қария, бала шағаға дейін қазақы шапан дейсіз бе, әр кім өз шамасынша ұлттық киім киеді.

Ресми іс-шаралар кешке дейін аяқталып, әрбір жұрт қазақтың ежелгі салты бойынша, ауыл-аймақты аралап, бір-біріне қонаққа барып, амандық-саулық, жақсылық тілеп, дастарханға бат берсіседі. Ең алдымен, үлкен қара шаңырақтардан Наурызға арналған еттен дәм ауыз тиіп, наурыз көже ішіліп жасына қарай әр әулеттің бірде-бір үйін қалдырмай кіріп, наурыз көжеден дәм ауыз тию рәсімін орындайды. 22-сі күні кешкісін Баян-Өлгий аймағының Орталық Ұлттық музикалық театрында Наурыз мерекесіне арнайы дайындаған мерекелік концертті Ұланбатырдан келген өкілмен бірге арнайы тамашалайды.

 

Advertisements

Janarbek

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s