1937 жылғы саяси қуғын-сүргінге 80 жыл болыпты.


1396028_1538040569798100_7007426422390216594_n2005 жылы 11 айдың жағдайымен саясаттық  қуғын-сүргінге ұшыраған  36 мың адамның 29 мың адамды ақтап шыққан.  Осы адамдардың 26 мыңы Мемлекеттік арнайы комиссия құрылғаннан кейін 15 жылда ісімен танысып еш кінсы жоқ деп ақтап шыққан. (Монгол елі сол бір жазықсыз жазаланған адамдардың артында қалған ұрпағы болса соған арнайы көмек беруді 2005 жылдан бастап қолға алып келеді. )

Қуғын-сүргінге ұшырағандар жылы және саны.

1937 жылдан 1939 жылға дейін барлығы 25 824 адамды соттап  (20474 атып өлтіру , 5103 адамды 10 жыл  қамау , 240 адамды 10 жылдан төмен түрмеге қамап  және 7 адамды босатқан ) деп шешім шығарған екен.

1932 жылдан 1940 жылға дейін 28 451 адам сотталды. Оның 20822 адамының  73 пайызы атылған.

1932 жылдан 1937 жылға дейінгі бес жылда 1730 адам сотталып, 162 немесе 0,9 пайызы атылса ,

1937-1940 жылдары 26 721 адам сотталып , олардың 20 660 яғни  77 пайызы атылған.1937-1940 жылы айып жүктеген адамдардың саны сол кездің кәмілетке толған еркектердің 10.9 пайызын иеленген және бұл 1000 адамның 10 нан 11і айыпталып, 8 ден 9 ы атылып өлтірілген деген сөз.

«1934 жиылған  партияның 9-шы Съезінен сайланған барлық  мүшелерінің 72 пайызы, Орталық Комитеттің 82 пайызы, Орталық Комиссарлардың 57 пайызы және Орталық Тергеу Комиссиясының 80 пайызы ұсталып  сотталған.

Қуғын-сүргінге ұшырағандардың нағыз атып асыу қайнап тұрған жылдары  1933, 1937, 1938, 1939 және 1940 жылдары екен.

****************************************************************

1937-1938 жылы Монгол елінде кемінде 50,000 адам қуғын сүргін құрбаны болған деп айтылады. Ресми органдар мәліметінде 36,000 адам тізім бар екен кей бір сарапшылар бұданда көп болуы мұмкін деген жорамалдар айтады.

Монголядағы Қазақтарда бұл нәубеттен құтылмады. Бүгінгі Монголя қазақтары шоғырланған Баян-Өлгий аймағы орнамағандықтан  Монголя  қазақтарының әкімшілік ортасы Ховда аймағына қарасты кез екен. Ұсталған адамдарды Бай-Өлкенің әр жеріне шоғырландырып жыйнап Ховда аймағының  орталығына апарып тұрмеге қамаған екен.

«Атылатынын білген Қазақтар «шақабайлап» қамағана ұйлерін төнкеріп тастап қарсылық жасағанда Максим пулеметімен қырып тастаған»-деп өзімізге геограпиядан сабақ берген Қ.Шәкен ұстазым біз мектепте жүргенде  айтып отырушы еді. Бертін естідік көбін атпай жерге тірідей көміп тастаған екен. Кешке немесе тұнде ыңырсыған адам дауысы бертінге деиін шығып жататынды деп Ховда аймағының ұлкендері айтқан әнгімелерін естігендер көп.

Сонда қазақтар қандай қылмысы ұшін ұстап өлтірді деңіз 3 түрлі айып таққан бірінші Ұкіметке қарсылық жасауым мұмкін, Екінші Мұсылмандығы ұшін. Ұшінші Жапон тыңшсы. Осыдай айып тағып ұстағын екен. Соңында бұл жалаларға «Қытайға қашуы мұмкін» деген жала қосылып топ-тобымен ұсталып атылған екен.  Қ.Зардыхан ағаның есебінде әр жеті қазақтың бірі атылған деп жазыпты «Жылған жылдар шежіресінде».

Бұл тақырыпты әлі толықтырамын. Жанарбек Ақби

Бұл фото 1937 жылы Ұланбатырда діни ғибадатханада 800 ламаны өлтіріп бәрін бір жерге көмген. (Фотоны Мэдээ.мн сайтынан алдым)

 

Бұл саяси қуғын-сүргін жылдары жазалау алдында соттта түсірілген фото деиді.

 

 

Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 

1921-1940 жылдары «революцияға қарсы және ерекше қауiптi мемлекеттiк қылмыстары үшін» Қазақстанда 3 млн. 80 мың 574 адам сотталды.

1937-1938 жылдары 1 млн. 344 мың адам лагерлерге қамалды. Олардың 600 мыңы өлім жазасына кесілген.

1920-1950 жылдары КСРО-ның тоталитарлық режимінен құрбан болған кеңес адамдарының дені «революцияға қарсы қылмыстары үшін» сотталған. Бұл қылмыс үшін 6 ай бас бостандығынан айырудан бастап, өлім жазасына кесуге дейінгі жазалар қолданылды. Сонымен қатар туыстары мен жақындарының кінәсі үшін де жауапкершілікке тарту шаралары енгізіліпті.

Қасыретті жылдары Қазақстан аймағында Гулаг құрылымының ең ірі лагерлері орналасқан. Жалпы Қазақстан жерінде Гулаг жүйесінің 93 лагері болған. Алжир, Степлаг, Карлаг сынды лагерлерге бүкіл Кеңес Одағынан 5 миллионнан астам адам айдалды. Лагерьге қамалысымен адам өзінің атынан, тегінен, тіпті азаматтық мамандығынан айырылатын. Оларды тек арқасында, қолында болған лагерлік жеке номерлерден және қашқындарды ату үшін арналған тізелеріндегі нысана бойынша ғана айыру мүмкін еді. Мұндай лагерлерде өлім-жітім өте көп болды. Карлагтың қабырғасында 1940-1950 жылдардың өзінде 10 мың сотталушы көз жұмды. 1943 жылы ай сайын 1000 адам тар қапаста жан тапсрған екен.

****************************************

Жалпы есеп бойынша Қазақстан, Беларус, Украина, Ресей елдерінде аштық пен аурудан 7 миллионға жуық адам қырылған. Сол жылдары Қазақстан өзінің 1,5 млн.-нан астам халқын жоғалтты. 600 мың қазақ туған жерлерін тастап, өзге елдерге бас сауғалап көшуге мәжбүр болыпты.

Жанарбек Ақби

Бұл тақараптарды алғаш Ғаламторға Мәссаған сайтында akby атымен  «Қазақтың қасыретті оқыйғалар» тақырыбымен шашқамын. Ол сайт жабылғандықтан ықшамдам қайта жазудамын. А.Ж

Advertisements

Janarbek

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s