“АНАҒА ХАТ” әнінің шығу тарихы.


.Барам апа көктемде,
Жаңбыр сеуіп өткенде 
Алтай алқа таққанда,
Бұлғын сылдыр қаққанда...
Кәкей Монголиядағы Қазақтар шоғырланған Бай-Өлкенің шалғай Бұлғын өлкесінде туып 10 жылдық мектепті аймақ орталығындағы 1-10 жылдықта, 1964 жылы оқып бітірісімен Қазақ тіл пәнінің ұстаздарының жетіспеушілігіне байланысты Аймақтың Білім орталығы мен Аймақ әкімнің шешімімен өте жақсы бағамен оқуын бітірген Кәкейді өзі туған өлке Бұлғындағы 8жылдық мектепке Қазақ тілі сабағының ұстазы етіп жіберді. 1964-1967 жылға дейін ұстаздық қызмет жасаған бала Кәкей көптен күткен арманы орындалып Атамекен астанасы Алматыда КазПИ-ге қабылданады. Алматыда студент Кәкей тез танылады. Себебі Бай-Өлкеде ұлттық құндылыққа еркіндік болғанымен Алматыда қазақ тіл аясы тарлау ұлттық руханият басып жаншылған ұлттық құндылыққа партиялық көз қараспен сақтықпен қарайтын заман. Бай-Өлкедегі қазақы тірлікпен өсіп барған Кәкей бұның бәрін бірден бірден сезген. Студент Кәкей оқуын оқып, ұлтжанды өлеңін жазып кешкісі КазПи әлемінде әртүрлі кештіктерге шақырылып барып өлең оқымайтын кештіктің сәні де болмаған шығар. Ақындық атағы шарықтаған Кәкей Қазақ телевизиясына шақырылып сұхбаттар берсе, басқаланың бас газеттері өлеңдерін “бұл-студент”- деп жатырқамай ұлттық құндылықтың иісі мүңкіген Кәкей өлеңдерін баса бастайды. Сол кезде басқала Алматының газеттері СССР көлемінде жазылатын. Кәкей Жаңжұң өлеңдері осылай республикалар көлемінде таралғанды..
Студент Кәкей әрине анасын қатты сағынады, оның да үлкен себебі бар. Кәкейдің әкесі Жаңжұң қас мерген болыпты. Аңшылығымен бір үйді емес бір ауылды асыраған адам екен. (“Аңшы Жанжұң”- деген тақырыпта әңгіме жазып шашқамын) Бірақ өмірінің соңында 23 жылдай су соқыр болып үйде отырып қалған. Бір жан -ұяны анасы Батима асырайды. Әкесін бағып Кәкейдің жалғыз бауыры мен әпеке қарындастарын оқытып бәрін асырап баққан. Анасының осы бір жанкешті еңбегін жан тәнімен түсінген Кәкей анасын алаңдатпай пошта сайын хат жазып амандығын білдіріп тұрады. Анасы да ұлына хат жолдайды «Құлыным сені қатты сағынып жүрмін,жазда демалысыңа келгенде біз көктем шыға Жырғылтының аузына Бұлғын өзенінің жағасына жайламақпыз. Жездең Әзімхандардан биесін алып байлаймыз, қымыз ішіп демалып қайтасың ғой. Жездең Аманкелдіге айтып қойдым. Әлгі Қос Күреңін саған арнап жаратып қоятын болды»- деген ананың анқылдаған хаттары да Кәкейді елжіретеді. Ол заманда Бай-Өлке басшыларының мықтылығы шығар Қазақстан мен Бай-Өлгий пошта қатынасы апта сайын қатынап тұрған кез. Осындай бір кезде Кәкейге жерлестері хат жазып алаңдама бәрі аман,анаң сені қатты сағынып жүр. Ұлым жазда келетін жол деп жол жаққа бір барып қайтып жүр деп жазған хабары ақын Кәкейді бейжай қалдырмайды. Анасын сағындыртпай тағы бір хат жіберуді көздеген ақын қаламын алып Анаға Хат – деп тақырыпты қойып еді, көз алдына анасының бейнесі лентадағыдай бейнеленіп еріксіз шумақтар Кәкейдің ақ парағына түсе бастайды.
Ақ көңілдей ақ шұға, 
Алау атып жаулығың. 
Апа, халің жақсы ма,
Мықты ма денсаулығың.
Он оралып ойыңа, 
Былтыр ұшқан бір құсың.
Қара жолдың бойына, 
Қарай-қарай жүрмісің?
Өз есебің ішіңде,
Күнді жылдай өткеріп
Ойлай-ойлай түсіңде,
Жүресің бе көп көріп.
Тағат таппай елеңдеп
Күткендей боп жыл құсын
“Хаты қашан келер?” деп,
Алаң болып жүрмісің?
Барам апа көктемде,
Жаңбыр сеуіп өткенде. 
Алтай алқа таққанда
Бұлғын сылдыр қаққанда
Жаздың алып бар әнін,
Құстай ұшып барамын
Аймалатып шекемнен,
Айлап жүріп кетем,мен.
Аман-есен ұлың жүр,
Бір серпілсін сағыныш.
Жан апатай, бүгін бір
Күрең шайды қанып іш.
Бұл өлеңді қаз қалпы 1969 жылы Лениншіл ЖАС газеті 13 декабрде газеттің 1921 жылдан бері шыққан нөмірі бойынша 7415- нөміріне Тұсау кесер айдарымен жалпақ әлемге жар салып басады. Неге санымен нөмерді жазып сайрап отыр дейтін шығарсыздар, Өлең жазылғалы тура 50 жыл болса да оқуын бітіріп үйіне қайтқан соң Ж.Кәкей шалғайда өзі жоқтың көзі жоқ -деп өлеңі менікі деп иемденетіндер аз емес екенін естідік. Лениншіл ЖАС газеті қазір “Жас Алаш” газеті болып жұмыстайды 50 жыл бұрынғы архибінде Кәкейдің қол таңбасы сақтаулы. Елдің артын ашып қайтейін, осымен Анаға хат ән сөзіне енді ешкім жармаспас деп нүкте қойдым.
Анаға хат өлеңіне ән қалай жазылды :
Анаға хат Әнінің авторы да студент шағы екен6 үйіне қайтайын десе сол күні қолайсыз ауа райына байланысты ұшақ ұшпай кейінге қалтырылады, Жас сазгер студенnтер жатаққанасына келіп газеттерді ақтарып отырып газеттегі Кәкейдің “Анаға хат” тақырыбындағы өлеңін көріп қалады. Көңілі ала құла Анасына жете алмаған сазгерге өлең әсер етеді ,шабыты шалқып сағынышты әуенде үйіріледі. Сол күнyің түңінде гитарамен орындаған “Анаға хат” деген жаңа ән лезде студенттер арасына үздіксіз айтылады. Көп кешікпей ән күллі Қазақ еліне лезде тараған. Ақын Кәкей оқуын бітіріп шалғайдағы еліне кетеді. “Анаға хат“ әніне ән жазған сазгер Досым Шермантайев екен сол заманда кішкене паластинкі табаққа жазылған “Анаға хат” әні Монголиядағы ақын Кәкіш қолына да жеткен. Бұл палстинг табақ жайлы мәлімет берген елші Сайран Қадер аға палстинг табақты естіп көрген. Анаға хат әнін алғаш орындап таратқан сазгер Досым Шермантайевтің өзі дейді.
Жанарбек Ақби
2017 жыл.
                ****  Анаға сағыныш әнінің шығу тарихы ****
Кәкей Жанжұңұлының АНАға арналған өлеңдерінің көбі студент кезінде жазылған. “Анаға сағыныш” әнінің сөзі де ертеректе шығып қәзір әртүрлі топтар орындап сөзін есімі ат үркетін бір тұлғанікі- деп жүргенін естідім. Өмірде анаға деген сағыныш, оның ыс­тық мейірімге толы жылы құшағын аңса­май­тын адам бола қоймас, сірә. Алыста оқуын оқып енді жазғы демалысы басталып анасына тез жетсем деген баланың сағынышы өлеңнің өн бойында өрбиді. Ананың нәзік үні, аялы алақаны, жан жылуы да әлдилеп жұбататын дауысын да аяулы анасының жүзін тез көргісі келген баланың ішкі жан дүниесі еш боямасыз берілген. Өлің жолындағы
Құстай ұшып келем,
Таусылмайды белең,
Жетем қашан ауылыма анам? 
деген жолдары ақынның әдеткі әсерлеп жазған сөзі емес өмірден қаз қалпында алынған шумақтар. Кәкей студент кезінде қәзіргідей бие сауым уақыттай ұшып келер ұшақ қатынасы жоқ,қара жолды шаңдатып көлік үш елдің шекарасын басып апталап Бай-Өлкеге жеткенімен Кәкейдің ауылы Бай-Өлкеден шалғай Бұлғын өлкесінде, аптасында бір рет қатынайтын поштаның уақытын күтіп, тағы бір апта көлік арқасында шаңға малынып еріксіз күнге қақталып, аузы кеуіп күзіппен бірге ырғатылып теңселіп, қалғып-шұлғып жол азабын бір кісідей сезінген ақынның бастан кешірмесі. Бұндайда қалғып-шұлғып, аузы кеуіп отырған студентке әрине анасының жайылмас дастарханын, күреңін, шайы мен ана мейірімін аңсаудан басқа не ой келуші еді.
  Қызыл күрең шайың,
Қаймақ пенен майың.
Жиналмаған дастарханың, анам.
Сағыныштан жүдеп,
Саулығымды тілеп,
Отырмысың асқар тауым, анам... 
Әнін жазған сазгер Монголия қазақтарының халық артисі, әнші Қибатдолданың ұлы Сәбит шығарған. Әуен баланың анасын аңсаған ыстық сезімін дөп басып қысқа буынды сөзге лайық жылдам темпте жазылған. Бұл әнді Бай-Өлке Музика Драма Театрының артистері орындайтынды, әрі Бай-Өлкелік оқушылар бертінге дейін үздіксіз орындап келген. Бұл әнді Мәдениеттің Озат қызметкері Айгүл Қалидолдақызы өмір бақи екі тілде орындап келеді. Айгүл Қалидолдақызы 2005 жылы “Сағыныш” атты паластинг табаққа шығармаларын шығарғанда “Анаға сағыныш” осы әнді де жаздырған еді. Өз басым Монголдың дөрбет ұлтының қызы өзіме дәріс берген Дагима ұстаздың орындауында естіп өстік.
Ақ жаулығың қолда,
Алаң болып жолға.
Қарай-қарай аңсадың ба, анам!
Келедідеп ұлым,
Таппай ешбір тыным
Күте-күте шаршадың ба, анам?
О, менің анам,О, асыл анам.
Құстай ұшып келем,
Таусылмайды белең,
Жетем қашан ауылыма анам?
Қос анарың иіп,
Маңдайымнан сүйіп,
Басшы мені бауырыңа анам
Оң қолында жүзік
Қара көзін сүзіп.
Маған көйлек кестелеген анам
Бабаң салған әнді,
Туған жерді мәңгі,
*Сақта,ұлым есте*-деген анам
Қызыл күрең шайың,
Қаймақ пенен майың.
Жиналмаған дастарханың, анам.
Сағыныштан жүдеп,
Саулығымды тілеп,
Отырмысың асқар тауым, анам.
Мен деп қайғы жұттың,
Хабарымды күттің,
Ұшқан қустың қанатынан анам.
Айналайын сенен,
Сен бір асыл әлем,
Сағыныштан жаратылған, анам.
Баланың анаға деген сүйіспеншілігі. Бұл өлеңге 50 жыл болса да авторы Кәкей өлсе де ұрпағы бар, оқырман сіздер бар, авторын бәріміз білеміз.. Әлемдегі бар қазаққа танымал хит ән. Ж.Кәкей өлеңдерін өзімдікі- деп иеленуші әр қазаққа бәлкім ренжімеуіміз керек шығар. Кәкей Жанжұң бар ғұмырын өзі үшін емес Қазақ ұлтының құндылығы үшін,қазақтың ана тілі, қазақ тілі үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей қызмет еткен ақын. Өмірінің соңғы күні өлеңдер жинақ кітабын бастырам деп Ұланбатырға барып, Бай-Өлкеге қайтып келе жатқан жолда ұшақ тауға соғылады… Ж.Кәкей өзі жазғандай «Тауда тудым, тауда өстім,тауда өлемін»- деп жырлағанындай… Тау ұлы бар жоғы 47 жасында тауда дүиеде өткенімен Кәкей өлеңдері Таулардан да биікке қалқып әр Қазақтың жүрегінде өзінің өлеңі болып орын ала берсін. Кәкей өлгенімен қазақтың тілі, Қазақтың өлеңі ән-жыры өлмесін. Халық сөзіндей өлең қалдырып кеткен ақын Кәкейге Жанжұңға разымыз.
**?** **!** **?**
Бүгінгі таңда біраз жастар өзімдікі деп жариялап жүрген мына бір «Қазақпын»- деген өлеңі Қазақы салт,сананы тіпті қазақтардың өзін КОМ Партия тұншықтырып тұрған шағында 1971 жылы «Жеті су» газетінің 1918 жылдан бері шыққан нөмірімен айтсам 6,276 нөмеріне басылған еді. Баян-Өлгийде көзін ашқалы қазақ тілім- деп келген жас жігіттің Қазақтың бас қаласы Алматыдағы езілген еңсе, тұншыққан ұлттық құндылық, Орыс отаршылдығын қатты сезінген ақынның Орыстарға “ере келген итке де «КЕТ» демеген”- деп өлең жазуы Қазақтың тілінің қорының кеңдігін өте шебер пайдаланып астарлап өлең жазып КОМ партияның идеолактарының көзіне ілікпей “Қазақпын” өлеңі баспа сөзде сол 1971 жылы жарық көріп кетеді.
Танымасаң танып ал мен Қазақпын,
Жағам жайлау, көңілім кең Қазақпын.
Ұлысым бай іргелі ел Қазақпын,
Ырысым сай нүр жері кең Қазақпын.
Мен емеспін кешегі өшкен Қазақ,
Құба жонда тентіреп көшкен Қазақ.
Мен боламын қойнауға қой қаптатып,
Қала салып, білім алып өскен Қазақ.
Қазақпын, тегің кім деп тектемеген,
Ере келген иткеде кет демеген.
Пейілі түссе бір атын түсіп беріп,
Бір атын насыбайға өкпелеген.
Қазақпын, түнемеген төріне түн,
Бар сыры домбырада төгілетін.
Аңқылдаған ақ көңіл ел боламын,
Аузын ашса жүрегі көрінетін.
Қазақпын, қаз мойны ойнақтаған,
Ойда баққан бір өңкей қой бақпаған.
Ер елдігім ешкімді жатсынбаған,
Тереңдігім ешкімді бойлатпаған.
Қобыланды Қазақпын батыр елмін,
Қозыбаян Қазақпын тату елмін.
Қожанасыр Қазақпын аңқау елмін,
Абай туған Қазақпын ақын елмін.
Міне Анаға арнаған өлеңі елді дүр сілкіндірсе «Қазақпын» өлеңі неге көпшілікке ой салмасын. Неге ет жанды қара көздердің іштегі рухын оятып намыстандырмасын. 1971 жылы Алматыдағы КазПИ студенті Кәкей осылай өлең жазса. Бұдан кейін 15 жылдан соң Алматыдағы Қазақ студенттері Желтоқсанда өздерін құрбан ете отырып КОМ Партияның жаназасын шығарып кетті… Қазақ ұлтының дербестігі жолында алғашқы қадамды студенттер 1986 жылдың Желтоқсанында шерумен бастады. Бұл кезде Баян-Өлгийдегі жазушылар ұйымының бастығы Кәкей Жанжұңұлы
 Шыр айналып шындық бір келеді екен,
 Ауруын жасырған өледі екен 
Жарқылдаған ұрандар қош аман бол, 
Менің "коммунизмім" бөлек екен!
-деп Халқы үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей қызмет атқарып өлеңдерін де бұрқыратып жазып жатты. Көп кешікпей Нұрсұлтан Назарбай Желтоқсанның 16-сында Тәуелсіздік күнін жариялады. Дүние Жүзілік Қазақтар қауымдастығы құрылып әлем елдерінен қазақтарды тұңғыш ұйымдастырылатын құрылтайға шақырды. Монголиядағы Қазақтар делегациясын Ж.Кәкей өзі бастап барды. Сол жолы Кәкейдің ертіп апарған ақындары дүйім елді тамсандыра айтысты .Егеухан,Тоқтанмұраттар көптің қошеметіне бөленсе, Қабдыжәлел 1-орын иелініп қайтты. Күні бүгін Қостанайлық Жадыра мен Өлгийлік Кәкіштің адуын шәкірті Қабдыжәлел айтысы деген айтыс қыз жігіт айтыс жанырының шоқтығындай мәңгілік тарихта қалды.Сол жолы Құрылтайға барғандар естелігі: Қызық болды, ұшақтан түсіп автобусқа отырып жатқамыз дейді, автобустан ән шырқала бастады:
Ақ көңілдей ақ шұға, 
Алау атып жаулығың. 
Апа, халің жақсы ма,
Мықты ма денсаулығың.....
Барам апа көктемде,
Жаңбыр сеуіп өткенде. 
Алтай алқа таққанда
Бұлғын сылдыр қаққанда.
Өз өлеңіндегі әнін естіген Кәкей сендер қонақ үйге бара беріңдер, мен айтып қоям деп шауып ұшып Қазақ родиясына барса, бір жас қыз отыр дейді:
-Қызым, және “Анаға хат” деген әнді қойдыңдар, иә?!  
-Иә ұнады ма, қайталатайын ба? 
-Жоқ,жоқ авторын неге айтпадыңдар?  
 -Білмейміз, авторы жоқ ән-
Онда біліп ал, авторы менмін! 
Журанлист қыз көзін аударып-төңкеріп аңтарыла қарап қалған соң, Қызыл паспортын көрсетіп, және келгенін, әнді автобустан тыңдап келіп тұрғанын айтып ұқтырған соң, қыз дереу қол таңбасын алып дәптерге Ән авторлары сөзі Ж.Кәкей мен сазгер Ш.Досым екеуінің есімін жазып алады. Әрі автордың құрметіне түскі шайға тарылтып «Анаға хат» әнін қойып тұратын болып келісіп келдім -деп кешкісі бірге барған жолдастарын айтып беріпті. Кәкей Жанжұң өз өлеңдері халық әні сияқты авторсыз айтылып жүргенін өмірінің соңында көзімен көрді, әрі тыңдады. Қас таланттың өлеңдері қаймана халқының өлеңіне айланып жатса біз неге ренжуміз керек. Біз қазақтың тілі, ән жыры жандана берсе деген игі тілек тілейміз. Кәкейдің өлеңі, Қазақтың тілі асқақтай берсін ағайын!
Жанарбек Ақби
Өлгий шаһары
02.23.2018

 

 

 

 

Advertisements

Janarbek

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s