«Анаға сағыныш» әнінің шығу тарихы


****  Анаға сағыныш әнінің шығу тарихы ****
Кәкей Жанжұңұлының АНАға арналған өлеңдерінің көбі студент кезінде жазылған. “Анаға сағыныш” әнінің сөзі де ертеректе шығып қәзір әртүрлі топтар орындап сөзін есімі ат үркетін бір тұлғанікі- деп жүргенін естідім. Өмірде анаға деген сағыныш, оның ыс­тық мейірімге толы жылы құшағын аңса­май­тын адам бола қоймас, сірә. Алыста оқуын оқып енді жазғы демалысы басталып анасына тез жетсем деген баланың сағынышы өлеңнің өн бойында өрбиді. Ананың нәзік үні, аялы алақаны, жан жылуы да әлдилеп жұбататын дауысын да аяулы анасының жүзін тез көргісі келген баланың ішкі жан дүниесі еш боямасыз берілген. Өлің жолындағы

Continue reading «Анаға сағыныш» әнінің шығу тарихы

Advertisements

“АНАҒА ХАТ” әнінің шығу тарихы.


.Барам апа көктемде,
Жаңбыр сеуіп өткенде 
Алтай алқа таққанда,
Бұлғын сылдыр қаққанда...

ЖАНАРБЕК АҚЫБИ: БАЙ-ӨЛКЕ – КӨКБӨРІ РУХТЫ ҚАЗАҚТАРДЫҢ МЕКЕНІ


http://e-history.kz/kz/publications/view/3898

Алыс-жақын шетелдерде өмір сүретін қазақтардың тұрмыс-тіршілігі, өткен тарихы мен салт-дәстүрлері, мәдениеті, этнографиялық құндылықтары National Digital History порталының назарынан тыс қалған емес Солардың бірі – Алтайдың шығыс бетінде тұратын Моңғолия қазақтары. Басым бөлігі Бай-Өлгий аймағында қоныстанған. Өзгелері ел астанасы Ұлан-Батыр қаласы мен Налайхан, Дархан, Орхон, Эрдэнэт, Ховда, Төв, Хэнтай, Сэлэнгэ сияқты орталық аймақтарда қоныс тепкен. Осындағы ағайынның тыныс-тіршілігі мен қоныстанған тарихы туралы жазылып та айтылып келеді. Дегенмен аз ғана қазақтың Қобда аймағына қай жылдардан бастап қоныстанған жайлы, Алтайдың шығыс бетін қоныстанған қандастардың тыныс-тіршілігі жайында сол елдің арасынан шыққан танымал альпинист, тәуелсіз журналист, өлкетанушы, блогер Жанарбек Ақыбимен сұқбаттасудың сәті түскен еді.

Жанарбек Ақыбимен Бай-Өлке (Жергілікті қазақ Баян-Өлгийді Бай-Өлке деп атайды) қазақтары жайлы әңгімелесіп ұмыт қалған тарихи тұлғаларды да бір сәтке еске алдық.   Continue reading ЖАНАРБЕК АҚЫБИ: БАЙ-ӨЛКЕ – КӨКБӨРІ РУХТЫ ҚАЗАҚТАРДЫҢ МЕКЕНІ

1937 жылғы саяси қуғын-сүргінге 80 жыл болыпты.


1396028_1538040569798100_7007426422390216594_n2005 жылы 11 айдың жағдайымен саясаттық  қуғын-сүргінге ұшыраған  36 мың адамның 29 мың адамды ақтап шыққан.  Осы адамдардың 26 мыңы Мемлекеттік арнайы комиссия құрылғаннан кейін 15 жылда ісімен танысып еш кінсы жоқ деп ақтап шыққан. (Монгол елі сол бір жазықсыз жазаланған адамдардың артында қалған ұрпағы болса соған арнайы көмек беруді 2005 жылдан бастап қолға алып келеді. )

Қуғын-сүргінге ұшырағандар жылы және саны.

1937 жылдан 1939 жылға дейін барлығы 25 824 адамды соттап  (20474 атып өлтіру , 5103 адамды 10 жыл  қамау , 240 адамды 10 жылдан төмен түрмеге қамап  және 7 адамды босатқан ) деп шешім шығарған екен. Continue reading 1937 жылғы саяси қуғын-сүргінге 80 жыл болыпты.

17,500 жылдық траиқы бар жәдігер…


АҚШтың Колумбия Жоғарғы оқу орынының профессоры Танжу Лиу мен Монгол елінің археологшы доктор,проф Я.Цэрэндагвалар Баян-Өлгий аймағындағы Сырғалы көлінің маңындағы тастарға әлемнің ең жетілген үздік аспабымен зерттеу жасап сызба суреттердің жасы 17,500 жыл бұрын сызылған суреттер екенін дәлелдеп беріпті. Жыл шыға осылар жайлы деректі филім шашады екен. Өз басым блоггерлік зертеуімде Эвропа елінде және Монголдағы бір үнгірде 20,000 жыл бұрынғы сурет табылғанын білетінмін ал мына Баян-Өлгийдегі 17,500 жыл бұрынғы сурет рас қызықтырып қойды. Осы зерттеу жасаған саланың бір бөлшегі болар Қарағайлының (Шивет хайырқын) етегіндегі тастағы суретке  Ерлан Қаринды ертіп барғамын Ол кезде көпір жоқ. Аққолдың түйе ағызар Бесбоғданың мұзына еріп ағып жатқан тастай суық тасқын суынан Ерланның бойының ұзындығын ескеріп жалаңаш шешініп өтіп едік Ерланның қолтық астына келген су менің мұрынымның астына келген еді. Сол жолы бұл тастардың бергісі 3000 жыл арғысы 6000 жыл деп айтып едім. Бұл суреттер 17,500 жылдық тарихы барын қайдан білеин

 

 

 

 

 

Жанарбек Ақыби: Бұл мерекенің аты – «Наурыз» емес, «Нәрлі уыз»


Жанарбек Ақыби: Бұл мерекенің аты – «Наурыз» емес, «Нәрлі уыз»ЭКСКЛЮЗИВ 

Ғаламға шуағын шашып, дүниені жылулық пен жаңалыққа бастаған Ұлыстың ұлы күніне орай Моңғолияда тұратын қандасымыз, этнограф, тау спортының шебері Жанарбек Ақыбимен сұхбаттасқан едік.

Күллі түркі әлемі асыға күтетін «Әз наурыздың» шығу тарихы туралы аңыздар көп. Сэлэнгэ мен Орхонсу бойында туып-өскен сіздің бұл жайында айтарыңыз қалай?

Әу бастан «Наурыз» атауына келсек, қазақ даласындағы көнеден бізге жеткен таңба белгілерде бабалардың жер жыртып жүргенін көрмейміз, есесіне төрт түлік мал суреті молынан кезігеді. Қазақ малының өрісі мен жылқысының тұяғы тиген жердің барлығы иемденген. Бабалар ұрпаққа қаншама жерді, не бір қасірет тағдырды басынан кеше қорғап жеткізді. Ежелгі бабаларымыздың негізі кәсібі мал бағып өмір сүрген халық. Ауа райының құбылысын далада мал баққан дала философтары – малшы қауым жетік меңгерген. Continue reading Жанарбек Ақыби: Бұл мерекенің аты – «Наурыз» емес, «Нәрлі уыз»

Жанарбек Ақыби: Құл мен күңде қадір болушы ма еді, қарағым?..


 

_dsc0880

 

«Қытайдан келер қалталы күйеулер дауы һәм оны жарнамалайтын агентікке тіркеліп жатқан қазақ қыздары» жайлы қоғамды дүрбелеңге салған дау әлі тыншымай тұр. Соған байланысты Моңғолияда тұратын тәуелсіз журналист, этнограф, алпинист Жанарбек Ақыбимен сұхбат өткізген едік.

 

 

– Қазір қазақ қоғамында «қытай қалталыларының қазақ қыздарына құда түсіп келе жатқаны» жайлы дау талқыланып жатқанын естіп, біліп отырған шығарсыз. Осы төңіректе біраз әңгіме өрбітсек. Сіздің ойыңызша «сатылған» қыздың қадыры бола ма?

– Бұл дегеніңіз көзіңді бақырайтып қойып, қызыңды мәдениетті түрде құлдыққа сатып алу ғой. Сатылған қыздың не қадірі болушы еді, бауырым?! Басында, әрине, бірнеше балалы болғанша адами қадыры болар, салты басқа дінсіз елде бара-бара итқорлық тірліктің басталатыны айтпаса да түсінікті.

Айналайын, Қазақ қызы, қатты айтты деп кейіме!

Себебі, сен сатылып бардың, сенің құның, адами құндылық, сезім, сүйіспеншілікпен емес, сенің құның мен жаның бірнеше бума қағаз ақшамен өлшенеді. Оның құмарын ғана қандарушы меншік малы немесе жанды затысың… Қалаған кезде пайдаланып, қаламаса лақтыра салады. Әрине, сені босқа лақтыра салмайды, лақтырғанның өзінде келесі сатылы қызметке көшесің. Себебі, сен сатылған күңсің. Уақыт өте біртіндеп құлдыққа көшесің! жалақысыз күтуші, тазалықшы т.б. қызмет төңірегінде жұмысың басталады. Ол кезде өз құқығыңды қорғайтын ешкім болмайды. Өйіткені, сені қазақ қоғамы сатып жіберген. Құл мен күңде қадір болушы ма еді, қарағым?.. Continue reading Жанарбек Ақыби: Құл мен күңде қадір болушы ма еді, қарағым?..

www.ajanarbek.wordpress.com

Розатайдың блогы

Ай ортақ, күн ортақ, жақсы ортақ!

taldyk.7282

Өмірде болған оқиғаларды баяндау, әлеуметтік мәселелерді талқылау, жастар ойы

Ұшырсам сені көгіме!

Әр кез нұрлы үміт сеуіп алдымызда таң жатсын...

Көкбөрі

Жанарбек Ақыбиұлы

www.45minut.kz

Редакция девизі: БІЗ ҰСТАЗДАР ҮШІН ҚЫЗМЕТ ЕТЕМІЗ ! - E-mail: 45@45minut.kz - Тел: 8 777 087 6843

Гулжанның күнделігі

The greatest WordPress.com site in all the land!

Жанарбек Ақби блогы

www.ajanarbek.wordpress.com

The WordPress.com Blog

The latest news on WordPress.com and the WordPress community.